Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 151 бұйрығымен бекітілген

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні, көрсетілген мерзімге жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезеңі кірмейді;

құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде өтінішті қараудан бас тарту – 2 (екі) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім немесе осы стандарттың 10-тармағындағы көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін;

мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның уәкілетті өкілі, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кездегі құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңседе тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:

1) егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алынған тұлғалар тізілімінде тұрса;

2) көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне құқық ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не жоғары тұрған мемлекеттік органның басшысының (жоғары тұрған лауазымды тұлға) атына беріледі;

шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады;

шағымды көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың көшірмесіне қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады;

портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші не жоғары тұрған мемлекеттік орган өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде орналастырылған.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 777.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша

нысан

______________________________________ әкіміне
(облыс, астана, республикалық маңызы бар қала,
аудан, облыстық және аудандық маңызы бар қала,
кент, ауыл, ауылдық округ)

______________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
немесе заңды тұлғаның толық атауы)

ЖСН (БСН)_____________________________________
______________________________________________
(жеке және заңды тұлғаны растайтын құжатының
деректері байланыс телефоны, мекенжайы)

 

Жер учаскесіне құқық алуға өтініш

____________________________________________________________ (жер учаскесінің орналасқан жері (мекенжайы) орналасқан, ауданы ___________ гектар, ___________________
__________________________________ үшін __________________________, (жер учаскесінің мақсатты тағайындалуы) (сұратылып отырған құқық түрі) __________________________ _________________________________ (жер учаскесін сауда-саттықтан (конкурстар, аукциондар) тыс табыстау жағдайлары көрсетілсін _____________________ негізінде жер учаскесіне құқық беруді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

Өтінішке сұратылып отырған жер учаскесінің орналасқан жерінің
қағаз немесе электрондық форматтағы ситуациялық сызбасы қоса тіркеледі.

Көрсетілетін қызметті алушы _________________________________________
                                                              (жеке тұлғаның Т.А.Ә.(ол болған кезде) немесе заңды                            

                                                             тұлғаның не уәкілетті тұлғаның атауы

_____________________           20____ жылғы «_______» _____________.
(қолы)                                                                       (күні)

Астана қаласы әкімдігінің

2016 жылғы «___» ___________

№ ____________ қаулысына

қосымша

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы                  № 151 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13652 тіркелген) сәйкес Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органдары – «Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемелерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында беруші) және «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында беруші), көрсетеді.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесіне құқық беру туралы шешім немесе Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің  кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

1. Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін қоса берумен, көрсетілетін қызметті алушының Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің                            (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіз болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды –                 15 (он бес) минут ішінде және көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға береді –                 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының мазмұнымен танысады, қарар салады және жауапты орындаушыға жұмыс үшін береді – 3 (үш) сағат ішінде;

3) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментіне (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшесі) аумақты аймақтандыруға сәйкес сұратылып отырған жер учаскесін нысаналы мақсатымен пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін ілеспе хатты дайындайды және жер учаскесін орналастыру схемасы қоса берілген өтініштің көшірмесін жолдайды,  көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің әрі қарай қарастырудан жазбаша уәжді бас тартуға хат түрінде жауап беріледі – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

4) көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға береді – 15 (он бес) минут ішінде (келіп түскен күні);

5) көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарастырады және көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің жауапты орындаушысын белгілейді –                            1 (бір) жұмыс күні ішінде;

6) көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің жауапты орындаушысы қала құрылысы кадастырының деректер қорына сәйкес аумақты аймақтандыруға сай сұратылып отырған жер учаскесін нысаналы мақсатында пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындыны оған учаскені орналастыру сызбасын қоса берумен өңдейді және көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің ілеспе хатты әзірлеп, көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлғаға аталған құжаттарды береді – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;

7) көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қала құрылысы кадастрының деректер қорына сәйкес учаскені орналастыру сызбасын қоса отырып, сұратылып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындыға және ілеспе хатқа қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

8) көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойылған қорытынды жобасын, сызбаны және ілеспе хатты тіркеу үшін көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің кеңсе қызметкеріне табыстайды – 1 (бір) сағат ішінде;

9) көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің кеңсе қызметкері ілеспе хаттың тіркелуін жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушіге жолдайды – 2 (екі) сағат ішінде;

10) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің  кеңсе қызметкері сұратылып отырған жер учаскесін орналастыру сызбалары қоса берілген қорытындылардың Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшесінен және көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушіден келіп түсуіне қарай оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысына береді – 15 (он бес) минут ішінде (келіп түскен күні);

11) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің  жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мәжілісіне шығарады – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

12) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің  жауапты орындаушысы тиісті шешімдердің дайындалуын қамтамасыз етеді:               оң шешім қабылданған жағдайда – Комиссияның мәжіліс хаттамасынан үзіндіні – 5 (бес) жұмыс күні ішінде, жер учаскесіне құқық беруден бас тартылған жағдайда – әкімдіктің қаулысынан үзіндіні – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

13) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің  кеңсе қызметкері оң шешім қабылданған жағдайда, жерге орналастыру жобасының құрылуын (бәсекелестік ортада) өз бетінше қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті алушыға Комиссияның мәжіліс хаттамасынан үзіндіні – 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді, жер учаскесіне құқық беруден бас тартылған жағдайда – көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін (әкімдіктің қаулысынан үзіндіні) – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде береді;

14) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы                   № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде      № 11050 тіркелген) сәкес бекітілген жерге орналастыру жобасын енгізуіне қарай, көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысы әкімдіктің қаулы жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;

15) көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесіне құқық беру туралы Әкімдіктің қаулысына қол қою – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

16) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 15 минут ішінде.

3. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:

1) бірінші іс-әрекеттің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште өтінішті қабылдағандығын растаушы құжат топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңседе тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме немесе талон болып табылады;

2) екінші іс-әрекеттің нәтижесі – көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысын белгілеу туралы қарар салу;

3) үшінші іс-әрекеттің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттар қоса берілген өтініш көшірмесін көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушіге және Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшесіне табыстау туралы ілеспе хат, немесе өтінішті әрі қарай қарастырудан жазбаша уәжді бас тартуға хат түрінде жауап;

4) төртінші іс-әрекеттің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қоса көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің ілеспе хатын қабылдау;

5) бесінші іс-әрекеттің нәтижесі – көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында беруші басшысының қарары;

6) алтыншы іс-әрекеттің нәтижесі – сызбасы және ілеспе хаты қоса берілген қорытындының дайын жобасы;

7) жетінші іс-әрекеттің нәтижесі – қол қойылған қорытынды жобасы, сызба және ілеспе хат;

8) сегізінші іс-әрекеттің нәтижесі – қол қойылған қорытынды жобасы, сызба және ілеспе хат;

9) тоғызыншы іс-әрекеттің нәтижесі – тіркелген және қорытынды жобасы мен сызбасы қоса берілген көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушіге жолданған ілеспе хат;

10) оңыншы іс-әрекеттің нәтижесі – ілеспе хатты тіркеу және көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысына беру;

11)  оң бірінші іс-әрекеттің нәтижесі – жер комиссиясы отырысының хаттамасы;

12)  оң екінші іс-әрекеттің нәтижесі – Комиссияның жер учаскесіне құқық беру немесе құқық беруден бас тарту туралы қорытындысы;

13) оң үшінші іс-әрекеттің нәтижесі – оң шешім қабылданған жағдайда Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді, жер учаскесіне құқық беруден бас тартылған жағдайда қала әкімдігі қаулысынан үзінді;

14) оң төртінші іс-әрекеттің нәтижесі – әкімдіктің көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесіне құқық беру туралы дайындалған және Астана қаласы әкіміне қол қоюға жолданған қаулы жобасы;

15) оң бесінші іс-әрекеттің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесіне құқық беру туралы шешім;

16) оң алтыншы іс-әрекеттің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

 

         1. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында және сәулет және қала құрылысы саласында берушілердің кеңсе қызметкерлері;

2) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында және сәулет және қала құрылысы саласында берушілердің жауапты орындаушылары;

3) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында және сәулет және қала құрылысы саласында берушілердің басшылары немесе оларды алмастыратын тұлғалар.

2. Әр үдерістің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы үдерістердің (әрекеттердің) реттілігі блок-сызбасы Регламентке                  1-қосымшада келтірілген.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің, уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-үдерісінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

4. Мемлекеттік корпорациясы «Азаматтарға арналған үкімет» және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

         1. Осы мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» және ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілмейді.

________________________

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)

өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі

жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

 

 

Әр үдерістің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

арасындағы үдерістері (әрекеттердің) реттілігінің блок-сызбасы

Көрсетілетін қызметті алушы

Көрсетілетін құжаттар тізбесін қоса отырып, Стандартқа

1-қосымшаға сәйкес  үлгі бойынша өтініш беру

                       

3. Көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушіге және Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшесіне аумақтық аймақтандыруға сәйкес сұратылып отырған жер учаскесін нысаналы мақсатта пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін ілеспе хатты дайындау және жер учаскесін орналастыру сызбасы қоса берілген өтініштің көшірмесін жолдау, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің әрі қарай қарастырудан жазбаша уәжді бас тартуға хат түрінде жауап беріледі –

2 (екі) жұмыс күні ішінде

1. Көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу – 15 (он бес) минут ішінде, құжаттар топтамасын  көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға беру – көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдаған күні

2. Көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің басшысы немесе оны

алмастыратын тұлға

 

Құжаттардың мазмұнымен танысу, қарар салу және құжаттарды көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындауышысына беру – көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдаған күні

 

                                

5. Көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарастыру және көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің жауапты орындаушысын белгілеу – 2 (екі) сағат (келіп түскен күні)

4. Көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдау, тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға беруді жүзеге асыру – 15 (он бес) минут ішінде (келіп түскен күні)

 

 

7. Көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің басшысы немесе оны

алмастыратын тұлға

Қала құрылысы кадастрының деректер қорына сәйкес учаскені орналастыру сызбасын қоса отырып, сұратылып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындыға және ілеспе хатына қол қою – 1 (бір) жұмыс күні ішінде

8. Көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға

Қол қойылған қорытынды жобаны, сызбаны және ілеспе хатты тіркеу үшін көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің кеңсе қызметкеріне табыстау – 1 (бір) сағат ішінде

 

 

 

 

                              

                                                                                                                                                 

10. Көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің кеңсе қызметкері

Сұратылып отырған жер учаскесін орналастыру сызбалары қоса берілген қорытындылардың Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшесінен және көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушіден келіп түсуіне қарай оларды тіркеу және көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысына беру – 15 (он бес) минут ішінде (келіп түскен күні)

9. Көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің кеңсе қызметкері

Ілеспе хатты тіркеу және көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушіге жолдау – 2 (екі) сағат ішінде

11. Көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысы

Ұсынылған материалдарды Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мәжілісіне шығару –

5 (бес) жұмыс күні ішінде

12. Көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысы

Тиісті шешімдердің дайындалуын қамтамасыз ету: оң шешім қабылданған жағдайда – Комиссияның мәжіліс хаттамасынан үзіндіні – 5 (бес) жұмыс күні ішінде, жер учаскесіне құқық беруден бас тартылған жағдайда – әкімдіктің қаулысынан үзіндіні – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде

13. Көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің кеңсе қызметкері

Оң шешім қабылданған жағдайда, жерге орналастыру жобасының құрылуын (бәсекелестік ортада) өз бетінше қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті алушыға Комиссияның мәжіліс хаттамасынан үзіндіні – 5 (бес) жұмыс күні ішінде беру, жер учаскесіне құқық беруден бас тартылған жағдайда – көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін (әкімдіктің қаулысынан үзіндіні) – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

______________­__________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)

өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі

жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Кесте. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету

бизнес-үдерісінің анықтамалығы

Өтініш және құжаттарды қабылдау – дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін

– мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы

– көрсетілетін қызметті алушы немесе құрылымдық – функционалдық бірлік рәсімінің (іс-әрекетінің) атауы

– келесі рәсімге өту

_________________________________________

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметінің паспорты  

1 Мемлекеттік қызметтің атауы Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
2 Қызметті көрсеткен мемлекеттік орган Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
3 Қызметті тұтынушылар Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі
4 Көрсетілетін қызметтің нысаны Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде
5 Қызметті көрсету орны Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Сарыарқа даңғылы, 13
6 Қызметті көрсету тәртібі Құжаттарды қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің  кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
7 Қажетті құжаттар Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның уәкілетті өкілі, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.

8 Қызметтің құны және төлеу тәртібі Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
9 Қызметті көрсету үдерісінің сипаттамасы Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

1. Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін қоса берумен, көрсетілетін қызметті алушының Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіз болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды – 15 (он бес) минут ішінде және көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға береді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының мазмұнымен танысады, қарар салады және жауапты орындаушыға жұмыс үшін береді – 3 (үш) сағат ішінде;

3) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментіне (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшесі) аумақты аймақтандыруға сәйкес сұратылып отырған жер учаскесін нысаналы мақсатымен пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін ілеспе хатты дайындайды және жер учаскесін орналастыру схемасы қоса берілген өтініштің көшірмесін жолдайды,  көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің әрі қарай қарастырудан жазбаша уәжді бас тартуға хат түрінде жауап беріледі – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

4) көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға береді – 15 (он бес) минут ішінде (келіп түскен күні);

5) көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарастырады және көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің жауапты орындаушысын белгілейді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

6) көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің жауапты орындаушысы қала құрылысы кадастырының деректер қорына сәйкес аумақты аймақтандыруға сай сұратылып отырған жер учаскесін нысаналы мақсатында пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындыны оған учаскені орналастыру сызбасын қоса берумен өңдейді және көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің ілеспе хатты әзірлеп, көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлғаға аталған құжаттарды береді – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;

7) көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қала құрылысы кадастрының деректер қорына сәйкес учаскені орналастыру сызбасын қоса отырып, сұратылып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындыға және ілеспе хатқа қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

8) көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойылған қорытынды жобасын, сызбаны және ілеспе хатты тіркеу үшін көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің кеңсе қызметкеріне табыстайды – 1 (бір) сағат ішінде;

9) көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушінің кеңсе қызметкері ілеспе хаттың тіркелуін жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушіге жолдайды – 2 (екі) сағат ішінде;

10) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің  кеңсе қызметкері сұратылып отырған жер учаскесін орналастыру сызбалары қоса берілген қорытындылардың Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшесінен және көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушіден келіп түсуіне қарай оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысына береді – 15 (он бес) минут ішінде (келіп түскен күні);

11) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің  жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мәжілісіне шығарады – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

12) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің  жауапты орындаушысы тиісті шешімдердің дайындалуын қамтамасыз етеді: оң шешім қабылданған жағдайда – Комиссияның мәжіліс хаттамасынан үзіндіні – 5 (бес) жұмыс күні ішінде, жер учаскесіне құқық беруден бас тартылған жағдайда – әкімдіктің қаулысынан үзіндіні – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

13) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің  кеңсе қызметкері оң шешім қабылданған жағдайда, жерге орналастыру жобасының құрылуын (бәсекелестік ортада) өз бетінше қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті алушыға Комиссияның мәжіліс хаттамасынан үзіндіні – 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді, жер учаскесіне құқық беруден бас тартылған жағдайда – көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін (әкімдіктің қаулысынан үзіндіні) – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде береді;

14) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген) сәкес бекітілген жерге орналастыру жобасын енгізуіне қарай, көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысы әкімдіктің қаулы жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;

15) көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесіне құқық беру туралы Әкімдіктің қаулысына қол қою – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

16) көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 15 минут ішінде.

3. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:

1) бірінші іс-әрекеттің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште өтінішті қабылдағандығын растаушы құжат топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңседе тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме немесе талон болып табылады;

2) екінші іс-әрекеттің нәтижесі – көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысын белгілеу туралы қарар салу;

3) үшінші іс-әрекеттің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттар қоса берілген өтініш көшірмесін көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында берушіге және Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшесіне табыстау туралы ілеспе хат, немесе өтінішті әрі қарай қарастырудан жазбаша уәжді бас тартуға хат түрінде жауап;

4) төртінші іс-әрекеттің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қоса көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің ілеспе хатын қабылдау;

5) бесінші іс-әрекеттің нәтижесі – көрсетілетін қызметті сәулет және қала құрылысы саласында беруші басшысының қарары;

6) алтыншы іс-әрекеттің нәтижесі – сызбасы және ілеспе хаты қоса берілген қорытындының дайын жобасы;

7) жетінші іс-әрекеттің нәтижесі – қол қойылған қорытынды жобасы, сызба және ілеспе хат;

8) сегізінші іс-әрекеттің нәтижесі – қол қойылған қорытынды жобасы, сызба және ілеспе хат;

9) тоғызыншы іс-әрекеттің нәтижесі – тіркелген және қорытынды жобасы мен сызбасы қоса берілген көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушіге жолданған ілеспе хат;

10) оңыншы іс-әрекеттің нәтижесі – ілеспе хатты тіркеу және көрсетілетін қызметті жер қатынастары саласында берушінің жауапты орындаушысына беру;

11)  оң бірінші іс-әрекеттің нәтижесі – жер комиссиясы отырысының хаттамасы;

12)  оң екінші іс-әрекеттің нәтижесі – Комиссияның жер учаскесіне құқық беру немесе құқық беруден бас тарту туралы қорытындысы;

13) оң үшінші іс-әрекеттің нәтижесі – оң шешім қабылданған жағдайда Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді, жер учаскесіне құқық беруден бас тартылған жағдайда қала әкімдігі қаулысынан үзінді;

14) оң төртінші іс-әрекеттің нәтижесі – әкімдіктің көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесіне құқық беру туралы дайындалған және Астана қаласы әкіміне қол қоюға жолданған қаулы жобасы;

15) оң бесінші іс-әрекеттің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесіне құқық беру туралы шешім;

16) оң алтыншы іс-әрекеттің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.

Мемлекеттік корпорациясы «Азаматтарға арналған үкімет» және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

1. Осы мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» және ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілмейді.

10 Қызметті көрсету мерзімдері Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні, көрсетілген мерзімге жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезеңі кірмейді;

құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде өтінішті қараудан бас тарту – 2 (екі) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

11 Қызметті көрсету нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім немесе осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.
12 Нормативтік құқықтық актілер (Стандарт), (Регламент)

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не жоғары тұрған мемлекеттік органның басшысының (жоғары тұрған лауазымды тұлға) атына беріледі;

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның кеңсесі арқылы қолма-қолқа былданады;

Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның немесе шағымға ілеспехаттың көшірмесіне қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады;

Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіне жоғары тұрған мемлекетті корган өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірімен күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (онбес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелері мен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.