Басқарма жөнінде

Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

«Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – Әкімдік) Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі жер қатынастары саласындағы функцияларды іске асыруға өкілетті құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне, Әкімдіктің (әкімнің) қаулыларына және өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі, сондай-ақ заңнамаға сәйкес бланктері, қазынашылық органдарда шоттары бар.

Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады, Әкімдік Басқарманың құрылтайшысы болып табылады.

Басқарманың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарыарқа даңғылы, 13, тел. 8 7172 (55-03-83 – қабылдау бөлімі), 55-73-55 (факс).

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ«Астана қаласы Жер қатынастары басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің сенім телефоны Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) кодексінің нормаларын бұзу жөніндегі сұрақтар бойынша: 8 (7172) 55-04-23, факс 8(7172) 55-73-55.

Басқарма басшысы – Төлеуғазы Қамашұлы Нұркенов, келушілерді қабылдау күндері – бейсенбі 16.00 -18.00.

Басқарманың қызметі «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережемен бекітілген.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шекте және тәртіпте, Астана қаласының жер ресурстарын тиімді және оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған, жер қатынастары саласындағы қызметті жүзеге асыру Басқарманың міндеттері болып табылады.

Жерді пайдалану бойынша өңірлік (секторлық) бағдарламаларды, сондай-ақ Әкімдіктің жер қатынастары саласында Басқармаға жүктеген (жүктейтін) басқа да міндеттерін дайындауға және іске асыруға қатысу.

Басқарма заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шекте және тәртіпте, қаланың жер ресурстарын тиімді және оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған, жер қатынастары саласындағы қызметті жүзеге асыру;

2)   қала аумағында жер қатынастары саласындағы мемлекет мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау;

3)   жерді пайдалану мен қорғау бойынша мемлекеттік, өңірлік (секторлық) бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

4) жер қатынастары саласындағы ғылыми-әдістемелік құралдарды әзірлеудегі нормативтік құқықтық деректер қорын жетілдіруге қатысу;

5)  мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жетілдіру және жоғарылату;

6) жерді пайдалану мен қорғау мәселелері бойынша орталық уәкілетті мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелермен өзара әрекет ету;

7)  қала аумағында жер учаскелерін өз еркімен басып алу фактілерін алдын алу және болдырмау бойынша уәкілетті бақылаушы және құқық қорғайтын мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету;

8) мемлекеттік қажеттіктер үшін жерлерді беру, пайдалану, нысаналы мақсатын өзгерту және алып қою және т.б. мәселелер бойынша сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, ауыл шаруашылығы, табиғатты реттеу мен пайдалану саласындағы Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі – Әкімдік) – мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету;

9)   Астана қаласында жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырыстарын өткізуді ұйымдастыру;

10) жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын бағдарлама-ларды, жобаларды және сұлбаларды сараптау жөніндегі қорытындыларды өткізу, қарастыру, келісу және ұсыну;

11) Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заң-намасының нормаларын сақтау;

12)  гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

13)  жұмысқа алу және қызметкерлердің жұмыс бабында көтерілу кезінде гендерлік теңгерімді сақтау.