Басшының құттықтау сөзі

Құрметті сайтқа келушілер! 

Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ресми WEB-сайтында қарсы алуға шын ниетпен қуаныштымын.

Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы «Электрондық әкімдік» бағдарламасын іске асыру аясында осы сайтты ашуда Басқарманың елорда тұрғындарымен байланысын одан әрі кеңейтуге және нығайтуға үміт артады.

Сайттың әрбір қолданушысына Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының және оның бөлімдерінің қызметі туралы, жерді пайдаланудағы өзгерістер, жер заңнамасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы, мемлекеттік қызметтер, көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ қаланың келешекте жер қатынастары саласында жалпы дамуы туралы  барынша мол ақпаратты алуына болады.

«Сұрақ-жауап» бөлімінде Сіз Басқармамен диалогқа, әкімдік пен қала мәслихаты қабылдаған шешім жобаларын талқылауға қатыса аласыз, бұдан бөлек осы сайт арқылы қала тұрғындарының қаламыздың тіршілік қарекетіне ат салысуына, Басқарманың қызметін жақсарту және жер заңын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуіне мүмкіндіктері бар.

Аталған сайттың ерекше қолайлылығы оның әрбір қолданушысы Басқарма басшылығынае, сонымен қатар оның бөлім басшыларына тікелей жүгіне алады және қойылған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндіктері бар.

Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ресми WEB-сайты Басқарманың, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің мәселелерін шешуге септігін тигізеді және сайт қолданушылары үшін көмекші әрі ақпарат көзі болып табылады деген сенімдемін.

 

Құрметпен, Н. Кенжебаев