АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (ағылшындық әдіс бойынша) өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу және уақытша объектілерді орналастыру үшін

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (ағылшындық әдіс бойынша) 

Астана қаласының әкімдігі Бейбітшілік көшесі 11, мекенжайында, 2- қабат, кинозалында 2017 жылдың 4 шілдеде сағат 15:00-де

өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу және уақытша объектілерді орналастыру үшін

жер учаскелерінің жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді

Аукционда сату үшін ұсынылып отырған жер учаскелерінің тізілімі: 

Р/с№

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің  ауданы,

га

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімі

Жер учаскесінің бастапқы бағасы, теңге

Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары бойынша қарастырылған қабаты

Бір жыл үшін жалдау төлемі,

теңге

Кепілдік жарна сомасы

Қолданыстағы инженерлік желілер

электрмен жабдықтау

сумен жабдықтау

сарқынды суларды төгу (кәріз)

Таратушы жылу желісі (жылумен жабдықтау)

1.

Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы ауданы

0,3002

Шағын бизнес объектісі

21 ай

491 517

2

48 668

113 450

бар

бар

бар

жоқ

2.

Астана қаласы, Ильинка тұрғын алабы, Исатай батыр көше ауданы

0,1000

Сауда орталығы

21 ай

210 525

2

16 212

113 450

бар

бар

жоқ

жоқ

3.

Астана қаласы, Қарағанда-Астана тас жолы қиылысы және Жаңатұрмыс көше ауданы

4,1899

Мешіт

29 ай

9 486 570

3

485 190

474 329

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

4.

Астана қаласы, Тельман тұрғын алабының оңтүстігіне қарай, Е509 көше ауданы

(жобалық атауы)

0,9202

Монша кешені

21 ай

2 798 144

2

213 118

139 907

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

5.

Астана қаласы, Тельман тұрғын алабының оңтүстігіне қарай, Е509 көше ауданы

(жобалық атауы)

0,8852

Шағын бизнес объектісі

23 ай

2 953 197

2

205 012

147 660

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

 

Аукционды өткізу шарттары: аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, “Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы” ММ-мен Астана қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға,  игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарнаның сомасынан  5% құрайды, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің есептік шотына ақшасыз жолмен төмендегі деректемелер бойынша аударылады: ЖСК KZ740705023980001001 ” ҚР Қаржы министірлігі Қазынашылық комитеті ” ММ, БСК KKMFKZ2A, БСН 141240027811, Кбе 12, ТБК 171.

Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.

Сауда-саттыққа қатысуға өтініштер ақпараттық хабарламаны жариялаған күннен бастап төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 106-бөлме және 2017 жылдың 3 шілдеде сағат 15:00-де аяқталады.

Аукцион қатысушыларын тіркеу (қатысуға билеті болған жағдайда) аукционның басталуына, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 2 қабат, үлкен акт залы мекенжайы бойынша 2017 жылдың 4 шілдеде сағат 14:30-ден бастап жүргізілетін болады.

2017 жылдың 29 маусымда, Бейбітшілік көшесі 11 үй мекенжайында орналасқан әкімдіктің ғимаратында, 101 кабинетте, сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін аукционның мәселеріне түсінік беру бойынша семинар өткізіледі.

Қосымша ақпарат және анықтама келесі телефон номірлері арқылы беріледі: +7 (7172) 55-01-67, 55-74-95.   

 
Скачать весь документ