АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (ағылшындық әдіс бойынша)

Астана қаласының әкімдігі Бейбітшілік көшесі 11, мекенжайында, 2- қабат, кинозалында 2017 жылдың 30 мамырда сағат 15:00-де

өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу және уақытша объектілерді орналастыру үшін

жер учаскелерінің жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді

Аукционда сату үшін ұсынылып отырған жер учаскелерінің тізілімі: 

 

лот №

Жер учаскесінің орналасқан орны

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің ауданы,

га

Бастапқы баға,

теңге

Бір жыл үшін жалдау төлемі,

теңге

Жалдау мерзімі

Кепілдік жарна сомасы

 

1

Астана қ., Айнакөл көшесі, № 54 үй ауданы

Автопаркинг

0,1860

745 860

60 309

24 ай

113 450

2

Астана қ., Ж. Нәжімеденов және А56 (жобалық атауы)  көшелерінің қиылысы ауданы

Медицина орталығы

0,4102

1 405 167

118 102

28  ай

113 450

3

Астана қ., Қорғалжын тас жолы ауданы

Паркингі бар аз қабатты тұрғын үй

0,9320

3 363 588

151 096

27 ай

168 180

4

Астана қ., Қорғалжын тас жолы ауданы

Әкімшілік орталығы

1,5919

6 179 246

258 079

29 ай

308 962

5

Астана қ., Қорғалжын тас жолы, Ильинка тұрғын алабы ауданы

Әкімшілік орталығы

0,7799

2 914 736

126 437

28 ай

145 737

6

Астана қ., Ильинка тұрғын алабы, Махамбет және Ақтамберді жырау көшелерінің қиылысы ауданы

Әлеуметтік мәдениет-тұрмыстық мақсаттағы ғимарат

0,8729

2 184 205

141 515

25 ай

113 450

7

Астана қ., Ильинка тұрғын алабы, Айғыржал, Махамбет және Домбауыл көшелерінің қиылысы ауданы

Бала бақша

0,7051

1 840 671

114 311

26 ай

113 450

8

Астана қ., Пригородный тұрғын алабы, Е 522                  (жобалық атауы)                       көшесінің қиылысы ауданы

Паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй

0,0977

352 599

22 627

27 ай

113 450

Учаскеде жасыл көшеттер бар

9

Астана қ., Алаш тас жолы ауданы

Спортзалы бар демалыс аймағы

12,2254

16 342 915

1 415 701

24 ай

817 146

Аукционды өткізу шарттары: аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, “Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы” ММ-мен Астана қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға,  игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарнаның сомасынан  5% құрайды, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің есептік шотына ақшасыз жолмен төмендегі деректемелер бойынша аударылады: ЖСК KZ740705023980001001 ” ҚР Қаржы министірлігі Қазынашылық комитеті ” ММ, БСК KKMFKZ2A, БСН 141240027811, Кбе 12, ТБК 171.

Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.

Сауда-саттыққа қатысуға өтініштер ақпараттық хабарламаны жариялаған күннен бастап төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 106-бөлме және 2017 жылдың 29 сәуірінде сағат 15:00-де аяқталады.

Аукцион қатысушыларын тіркеу (қатысуға билеті болған жағдайда) аукционның басталуына, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 2 қабат, үлкен акт залы мекенжайы бойынша 2017 жылдың 30 мамырда сағат 14:30-ден бастап жүргізілетін болады.

2017 жылдың 25 мамырында, Бейбітшілік көшесі 11 үй мекенжайында орналасқан әкімдіктің ғимаратында, 101 кабинетте, сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін аукционның мәселеріне түсінік беру бойынша семинар өткізіледі.

Қосымша ақпарат және анықтама келесі телефон номірлері арқылы беріледі: +7 (7172) 55-01-67, 55-74-95.