«Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік ;ер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымына орналасуға осы мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды, D-O-3 санаты, 1 бірлік.

       «Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13 үй, анықтама телефоны: 8 (7172) 55-04-24, 55-04-25, факс: 8 (7172) 55-73-55, g.tursumbaeva@uzo.astana.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды:

       Жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  109 242 теңгеден 148 242 теңгеге дейін.

    Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлім қызметінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, берілген құзырет шегінде ағымдық мәселелерді шешу; өз құзыреті шегінде, төмендегілер бойынша: материалдар дайындау және жер комиссиясын өткізу; комиссияның қарастыруына жататын материалдарды дайындау және тексеру; комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізу және дайындау; әкімдіктің қаулы жобаларының сапалы және уақытылы дайындау; қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің орталық уәкілетті мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелермен өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғаларды олардың өтініштерінің комиссия отырыстарында қаралуы нәтижелері, атқарушы органның қабылдаған шешімдері туралы (әкімдіктің қаулыларынан үзінділер беру) уақытылы хабардар етілуін қамтамасыз ету; іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау; мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою бойынша ұсыныстарды және әкімдіктің қаулы жобаларын дайындау; Басқарманың Интернет-ресурсында жауаптарды орналастыру, ақпаратты толықтыру және жүргізу; жер беру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар әзірлеген заңнамалық және өзге де нормативтік актілердің жобалары жөнінде ұсыныстарды енгізу; мемлекеттік ұйымдарға, жеке және заңды тұлғаларға ақпарат (кеңес) беру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің (шағымдарының), сондай-ақ мемлекеттік органдардың сұратуларын уақытылы қарастыру және оларға жауап беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

         Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

Қызмет көрсету саласында (жерге орналастыру, кадастр, бағалау) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе техника және технология ғылымдары (геодезия және картография) жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

          Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:  

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Астана қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13 үй, 4 қабат, 404 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Үміткерлермен әңгімелесу «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13 үй) әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына бір жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.