Елордалық прокуратура үлескерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жалғастыруда.

Елордалық прокуратура үлескерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жалғастыруда.

Астана қаласының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылдың 15 ақпанындағы шешімі бойынша Астана қаласының прокурорының талап арызына сәйкес «Скай сити» тұрғын үй құрылыс кооперативі (әрі қарай – ТҮҚК) жауапкерлер «Grant Elite-NS» ЖШС-нен және «Комфортный дом» ЖШС-нен 149,9 млн. теңге өндірілді, сонымен қатар жер телімі және аяқталмаған құрылыс объектісі қайтарылды.

Соттың шешімі дереу орындалуға жолданылды.

Қазіргі уақытта ТҮҚК аталған объектінің әділет органдарында тіркеу процедурасын бастады.

 

Аталған процедуралар аяқталғаннан кейін ТҮҚК-де өз бетімен, соның ішінде инвесторларды тарту жолымен, аяқталмаған объект құрылысын бастау құқығы туындайды.