Бүгін «Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағы» ҚБ өкілдері, ҚР Президентінің жанындағы әйелдер және отбасы істері жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері, елорда әкімдігі басқармаларының қызметкерлері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіру бойынша қала активімен кездесу өткізді.

Шара барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова сөз алып, Жолдаудың басымдықты міндеттеріне, мемлекеттік билік өкілеттіктерін қайта бөлу тетіктеріне тоқталды. М. Қазбекова құжатта экономикаға ғана емес, саяси бағыт-бағдарды жаңғыртуға да назар аударылғанын атап көрсетті.

Жолдауды іске асыру шеңберінде кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер енгізіледі. Салық салу, монополияға қарсы сала, бәсекеге қабілеттілікті дамыту – осылардың барлығы өмірлік маңызы жоғары салалар. Мемлекет басшысы технологияларды кеңінен қолдануға, сандық технологиялардың әлеуетін пайдалануға, экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға ерекше назар аударды», – деп атап көрсетті М. Қазбекова.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жолдауында экономиканы және қоғамды жаңғыртудың жаңа кезеңіне өтуден басқа, азаматтардың әл-ауқатын арттыру туралы айтылған. Жаңа әлеуметтік саясаттың негізі өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Мемлекет шикізат экспортына ғана емес, жаңа технологиялық бағыттарға негізделген экономикалық өсімнің жаңа моделіне көшеді. Сол себепті экономиканың дамуы әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасының артуына ықпал етеді.