Халықаралық қатысушылар жиналысы ЭКСПО көрмесін ұйымдастырудағы маңызды шара болып табылады. Бұл Халықаралық мамандандырылған көрме қарсаңындағы негізгі және қорытынды шара. Жиынға әлемнің түрлі елдерінен өкілдер мен комиссарлар қатысуда.

Халықаралық қатысушылар жиналысы ЭКСПО көрмесін ұйымдастырудағы маңызды шара болып табылады. Бұл  Халықаралық мамандандырылған көрме қарсаңындағы негізгі және қорытынды шара. Жиынға әлемнің түрлі елдерінен өкілдер мен комиссарлар қатысуда.

Шара барысында елорда әкімі Әсет Исекешев жиналғандарға алғыс білдіріп, көрмені өткізуге дайындық жұмыстары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың мамыр айында әуежайдың жаңа терминалының құрылысы аяқталады, онда халықаралық және ішкі рейстер бөлінеді, ал әуе айлағының өткізу қабілеті 7,6 млн адамға дейін артады. Сондай-ақ жаңа теміржол вокзалы іске қосылады, сонда жолаушы өткізу қабілеті жылына 9 млн адамға жетеді. Бұл Қазақстанның барлық аймақтарынан, алыс және жақын шет елдерден келетін туристерге ЭКСПО көрмесіне келуге мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта 169 қонақ үй мен 36 хостел жұмыс істейді, олар қонақтарды қабылдауға дайын. Көрме басталғанға дейін тағы 16 қонақ үй кешені іске қосылады, жалға берілетін пәтерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізілуде, ондай баспананың әлеуеті 10 мың пәтерге дейін жетеді. ЭКСПО қарсаңында кем дегенде 35 мың орын дайындау көзделген», – деді елорда әкімі.

Астана қаласының Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасы іске асырылуда, оның шеңберінде қонақ үйлер, мейрамханалар, хостелдер, туристерді қабылдауға қатысатын басқа да кәсіпорындар 3 тілде ас мәзірлерін дайындап, қызметкерлерінің біліктілігін, қызмет көрсету сапасын арттыруда.

Ал қалалық таксопарктердің автокөліктерінде 5 шет тілінде сөйлей алатын аудармашы-операторлары бар Friendly taxi байланыс орталығы жұмыс істейді, олар туристерге таксиге мініп, қала ішімен еркін жүруге көмектеседі.

Қалада 760 дәмхана мен мейрамхана бар. ЭКСПО қарсаңында тағы 140 тамақтану орнын ашу жоспарланған. ЭКСПО көрмесі өтетін кезде 9 мыңға жуық тәртіп сақшысы жұмылдырылмақ. Қала аумағында 3 мыңға тарта бейнебақылау камерасы орнатылады. Жаңа 380 жайлы автобус сатып алынады. Шатл Бастардың 8 бағыты енгізіледі, олар қонақ үйлерден ЭКСПО көрмесіне дейін қатынайтын болады. ЭКСПО қонақтары үшін мазмұнды бағдарлама ұсынылатын болады.