Астана халықаралық деңгейдегі туристік орталыққа айналмақ

Астана қаласының мәслихатының депутаттары елорда аумағындағы туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мен үйлестіру мәселесін қарады.

Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасының басшысының орынбасары Канат Исабеков өз баяндамасында қатысушыларға Астананың Берлин, Мәскеу, Тбилиси, Сужоу, Алматы қалаларында өткен халықаралық және отандық туристік көрмелерге қатысқаны туралы жеткізді. Осындай таныстыру маршруттарын жүргізудің басты мақсаты «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне туристер ағымын тарту тәжірибесін зерттеу және Астана қаласының туристік орталық ретінде имиджін дамыту болып табылады.

Өз кезегінде ел аумағында тұсаукесерлер, В2В форматындағы кездесулер өткізіліп, Астана қ. туристік нарық субъектілері мен өңірлік, шетелдік туристік операторлар арасындағы серіктестік туралы келісімдер жасалған.

«2016 жылы маусым-желтоқсан айларында Астана қаласында шекараға жақын ресейлік қалалар Қазан, Челябі, Новосібір, Свердловск, Алтай, Омбы, Қорған қалаларының БАҚ өкілдері, блогерлер мен жетекші туристік операторларына арналған 8 ақпараттық тур ұйымдастырылған. Ағымдағы жылы шекара маңындағы қалалардың, бауырлас қалалардың БАҚ өкілдері, блогерлер мен жетекші туристік операторларына арналған 10 ақпараттық тур ұйымдастыру жоспарланған», – дейді Қанат Исабеков.

Бұдан басқа, оның сөзіне сәйкес, ақпараттық тур шеңберінде шетелдік туристерді қабылдауға жұмыс жасайтын отандық туроператорлардың қатысуымен Workshop форматында дөңгелек үстел өткізіліп, оның қорытындысы бойынша Туризм саласындағы серіктестік туралы меморандум мен екі мемлекеттің туристік операторлары арасындағы келісім-шарттар жасалды.

Бірыңғай туристік жинақты дамыту мақсатында Бюро Ақмола облысымен тығыз серіктестікте жұмыс жасап отыр, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу шеңберінде қала қонақтарына ұсынылатын бірлескен маршруттар келісілген.

Сонымен қатар, Бюро ICCA – Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларының тәжірибесі бойынша Халықаралық конгресстер мен конференциялар ассоциациясына мүше болды, бұл қалада әр түрлі бағыттар бойынша ірі шаралар өткізуге және жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Астана қаласына Конгресс-көрме шараларын тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр, – деді Қ. Исабеков.

Бүгінгі таңда Астанада туристік ақпарат орындары жұмыс істейді, мультитілді жаяу бағдарлану және навигация жобасы жүзеге асырылған, ол 100 навигациялық пилон мен 140 жаяулар нұсқаушыларынан  құралады, сонымен қатар, пайдаланушыларға қажетті тілде қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін FriendlyTaxi жобасы жұмысын бастаған. Бұдан басқа Астана қаласының серіктестік бағдарламасы Recommendedby EXPO-2017 жүзеге асырылған.

Талқылау қорытындысы бойынша туристік қызметтер кешенін тек қалада ғана емес, жақын өңірлерде жүзеге асыру және мұнда нақты қол жетімді маршруттар дайындап, көрікті орындардың координаттары көрсетілген сипаттамасын дайындау ұсынылды.

 

Сонымен қатар, туристік индустрия нысандары құрылысына бағытталған қызметті, құрылысты, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, сонымен қатар, қонақ үй, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету салаларын белгіленген сапа талаптарына сәйкестендіру бойынша бірқатар нұсқаулар дайындады.