Астана – мейірімді қала

Құрметті елорда тұрғындары және қонақтары!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы ұлттық мерекесі қарсанында, Астана қаласының әкімдігімен «Мейірімді қала» қайырымдылық акциясы өткізілген. Осы акцияның аясында, Басқарма қызметкерлері отыз жан-ұяға қонаққа барды, олардың арасында көп балалы аналар, жалғыз басты аналар, азқамтылғандар, зейнеткерлер бар. Алдағы мерекелермен құттықтап, оларға азық-түлік пакеттері берілді. Олар үшін осы келу жағымды тосын сый болды, әсіресе қонақтарға сыйлықтар мен жемістер алған балалар қуанды. Осы акцияны сондай-ақ басқа да азаматтар қолдап, барлық мұқтаждарға көмек көрсетуді жалғастырады деп үміттенеміз.

Келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтаймыз және шын жүректен зор денсаулық, бақыт және ашық аспан тілейміз!