АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (ағылшындық әдіс бойынша)

  Астана қаласының әкімдігі Бейбітшілік көшесі 11, мекенжайында, 2- қабат, кинозалында 2016 жылдың 8 желтоқсанында қазанда сағат 15:00-де

өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу және уақытша объектілерді орналастыру үшін

жер учаскелерінің жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді

Аукционда сату үшін ұсынылып отырған жер учаскелерінің тізілімі: 

 

лот №

Жер учаскесінің орналасқан орны

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің ауданы,

га

Бастапқы баға,

теңге

Бір жыл үшін жалдау төлемі,

теңге

Жалдау мерзімі

Кепілдік жарна сомасы

Ескерту

1

Астана қ., Ш. Қосшығұлұлы көшесі, № 20 үй ауданы

Паркинг

0,0300

140 340

9 727

24 ай

106 050

2

Астана қ., Ильинка тұрғын алабы, Айғыржал, Махамбет және Домбауыл көшелерінің қиылысы ауданы

Бала бақша

0,7051

1 840 671

114 311

26 ай

106 050

3

Астана қ.,

Ақбидай көшесі ауданы

Өндірістік база

1,1197

4 676 987

311 187

30 ай

233 850

4

Астана қ., Ильинка тұрғын алабы, Сырым батыр және Исатай батыр көшелерінің қиылысы ауданы

Спорт құрылыстары

1,2107

3 393 580

196 279

28 ай

169 679

5

Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы мен      № 24 (жобалық атауы)  көшесінің қиылысы

Гүл павильоны

0,0045

10 826

1 459

12 ай

106 050

6

Астана қ., А. Пушкин және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысы

Гүл павильоны

0,0050

11 027

1 737

12 ай

106 050

7

Астана қ.,

А. Пушкин көшесі ауданы

Әкімшілік ғимараты

0,2880

1 040 892

93 381

25 ай

106 050

8

Астана қ., Қорғалжын тас жолы, Үркер тұрғын алабы ауданы

Дүкен

1,0000

3 079 680

162 120

23 ай

153 984

9

Астана қ., Ильинка тұрғын алабы, Сексек ата, Ордатау және Оспан батыр көшелерінің қиылысы ауданы

Әлеуметтік-мәдени тұрмыс объектісі

0,2123

531 226

34 418

25 ай

106 050

10

Астана қ., Ильинка тұрғын алабы, Махамбет және Ақтамберді жырау көшелерінің қиылысы ауданы

Әлеуметтік мәдениет-тұрмыстық мақсаттағы ғимарат

0,8729

2 184 205

141 515

25 ай

109 210

11

Астана қ., Үркер тұрғын алабы, Жәмеңке абыз және № 210 (жобалық атауы) көшелерінің  қиылысы ауданы

Клуб

0,6837

1 462 024

110 841

24 ай

106 050

12

Астана қ., Пригородный тұрғын алабы, Е 522                  (жобалық атауы)                       көшесінің қиылысы ауданы

Паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй

0,0977

352 599

22 627

27 ай

106 050

Учаскеде жасыл көшеттер бар

13

Астана қ., Ильинка тұрғын алабы,  Исатай батыр көшесінің ауданы

Дүкен

0,1000

210 525

16 212

21 ай

106 050

 

14

Астана қ., Е126 және Е182 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысы ауданы

Жапсарластыра салынған орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені

0,7318

3 035 521

188 639

33 ай

151 776

15

Астана қ., Ильинка тұрғын алабы, Қазтуған жырау және Ақтамберді жырау көшелерінің арасында

Шағын бизнес объектісі (сауда үйі)

0,3514

879 287

56 969

25 ай

106 050

16

Астана қ., Ильинка тұрғын алабы, Сыпыра жырау және Шалкиіз жырау көшелерінің арасында

Шағын бизнес объектісі (тұрмыс үйі)

0,3211

803 469

52 057

25 ай

106 050

17

Астана қ., Ильинка тұрғын алабы, Қожаберген жырау и Сыпыра жырау көшелерінің арасында

Шағын бизнес объектісі (дүкен)

0,3291

760 142

53 354

23 ай

106 050

Аукционды өткізу шарттары: аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, “Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы” ММ-мен Астана қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға,  игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарнаның сомасынан  5% құрайды, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің есептік шотына ақшасыз жолмен төмендегі деректемелер бойынша аударылады: ЖСК KZ740705023980001001 ” ҚР Қаржы министірлігі Қазынашылық комитеті ” ММ, БСК KKMFKZ2A, БСН 141240027811, Кбе 12, ТБК 171.

Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.

Сауда-саттыққа қатысуға өтініштер ақпараттық хабарламаны жариялаған күннен бастап төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 650-бөлме және 2016 жылдың 7 желтоқсанында сағат 15:00-де аяқталады.

Аукцион қатысушыларын тіркеу (қатысуға билеті болған жағдайда) аукционның басталуына, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 2 қабат, үлкен акт залы мекенжайы бойынша 2016 жылдың 8 желтоқсанында сағат 14:30-ден бастап жүргізілетін болады.

2016 жылдың 30 қарашада, Бейбітшілік көшесі 11 үй мекенжайында орналасқан әкімдіктің ғимаратында, 133 кабинетте, сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін аукционның мәселеріне түсінік беру бойынша семинар өткізіледі.

Қосымша ақпарат және анықтама келесі телефон номірлері арқылы беріледі: +7 (7172) 55-01-71, 55-01-67.