Әкімдік шағын футболдан жарыс өткізеді

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Астана қаласының әкімдігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында шағын футболдан жарыс өткізетіні туралы хабарлайды.

Жарыс 25 маусымда Астанада Кенесары к-сі, 14 мекен жайы бойынша орналасқан Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді. Басталуы сағат 9:00. Қатысушылар өтінімдерді 23 маусым сағат 18.00-ге дейін бере алады.

Команда капитандары сағат 8.30-да жеребе тастауға келуге тиіс.

Жарыс форматы: топтық кезең және плэй-офф кезеңі. Плэй-оффқа өз тобында 1-ші және 2-ші орындарға ие болған командалар шығады.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады.

Баршаңызды жарысқа қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз: 55-67-09, 8-778-676-61-31 (Құрман Еркін).

 

Жарыс Регламентімен мына жерден (гиперссылка) танысуға болады.