Әсет Исекешев Астана әкімі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды: «Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі лауазымын босатылып, Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын», – делінген Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.