Құрметті Қазақстандықтар! Сіздерді Жеңіс Күнімен құттықтаймыз!

Жеңіс күні жөнінде көптеген әндер шырқалады, бұл күнді мадақтайды және ол жайлы мақтанышпен еске алады. Расымен де бұл жарқын әрі салтанатты күн. Осы күні біз әлем халықтарының азаттығын қорғаған, ардагерлерді, Отан қорғаушыларды құттықтаймыз. Сол сұрапыл соғыста  қаза тапқан және аман қалғандарға құрметіміз шексіз.

Барлық ардагерлерге және сол күндерді бастан кешкен азаматтарға ұзақ ғұмыр, дендеріне саулық, бақыт, ал олардың балалары мен немерелеріне өз отбасы, өз Халқы үшін мақтаныш және барлық оң бастамаларында сәттілік тілейміз!