Жер учаскелеріне жалдау құқығын сату бойынша 26.04.2016ж. өткізілген аукцион жөніндегі АҚПАРАТ

Астана қаласында 2016 жылғы 26 сәуірде жер аукционы өткізілді, онда өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу (уақытша объектілерді орналастыру) үшін 10 жер учаскесі бойынша жалдау құқығы шығарылды.

Нәтижесінде, 6 жер учаскесі бойынша 65,2 млн.тг жалпы сомасына жалдау құқығы сатылды.

Қазіргі уақытта 6 учаске бойынша қала әкімдігінің жер учаскелеріне жалдау құқығын беру туралы қаулылары қабылданды және сауда-саттық жеңімпаздарымен жалдау құқығын сатып алу-сату шарттарын жасасу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, қалған 4 жер учаскесі бойынша өтініштердің жоқ болуына байланысты, олар іске асырылмады, тиісінше бұл учаскелер жер сауда-саттықтарына қайта шығарылатын болады.