Бүгін Басқарма қызметкерлері «Таза қала – бақытты қала» аясында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты

Экологиялық айлық шеңберінде, Басқармаға бекітілген аумақта (Бөгенбай батыр, Жеңіс даңғылдары және Мәскеу және Желтоқсан көшелерінің шекарасында) орналасқан ұйымдарға 2016 жылғы 18 сәуірден 18 мамыр аралығында экологиялық айлықтың, сондай-ақ 2016 жылғы 23 сәуірде жалпықалалық сенбіліктің өткізілетіндігі туралы хабарландыру берілді.

2016 жылғы 23 сәуірде белгіленген аумақта 14 ұйымнан 564 адам қатысты, олар көшелермен қатар ішкіорам аумақтарында санитарлық тазарту жүргізді,  нәтижесі бойынша сенбіліктің символдары – қызыл және жасыл түсті «смайлдар» жабыстырылды. Қызыл түсті смайлдар тазалауға жататын объектілерге жабыстырылды, сондай-ақ #SmileofAstana хештегі бар позитивті және жадыраңқы жасыл түсті «смайлдар» да орнатылды.