ВАК отырысында 12 құрылыс объектісі қаралды

Бүгін елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен құрылысы барысында салушылар заңбұзушылыққа жол берген көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті апта сайынғы отырысы өтті.

Кездесу аясында құрылысы барысында заңбұзушылықтарға жол берілген, соның ішінде тиісті рұқсат құжаттарынсыз пәтерлер сату туралы ақпарат таратқан 12 объекті қаралды.

– Бүгін «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңдарды бұзып, салынып жатқан проблемалық тұрғын үй кешендерінің құрылысымен байланысты мәселелер талқылануда. Біз Салушының алақол екендігін анықтап отырған жоқпыз. Тұрғындар одан әрі өз бетінше шешім қабылдауы үшін оларды бұзушылықтарға жол берген компаниялар туралы хабардар етеміз, – деді С. Хорошун.

Атап айтқанда, «Бейбарыс ТК (салушысы «АстанаДорИндустрия» ЖШС), «Семейный» ТК (салушысы «SatConstructionGroup» ЖШС), «Елімай» ТК, (салушысы «ОтауСити» ТҚК), «Көркем Тауэр» ТК (салушысы «IndustrialInnovationGroup» ЖШС), «Туранский квартал» ТК (салушысы «КазСтрой Т-И-А» ЖШС), жобалық атаулары №199 және С304 көшелерінің қиылысында орналасқан (салушысы «Агропромгражстрой» ЖШС) ТК, «ЭкоДом» ТК (салушысы «НҰР НҰР» ТҚК), «Зере 2» ТК (салушысы «Алтын Сапа 2011» ЖШС), «Лея +» ТК (салушысы «BestRealEstate» ЖШС), «Лея Сарыбұлақ» ТК (салушысы «BestRealEstate» ЖШС), «Лазурный берег» ТК (салушысы «Симург 2000» ЖШС), Сығанақ көшесінің (жобаланған) оңтүстігінде, Тұран даңғылының батысында жобаланған КТК (салушысы Литвак Григорий Борисович).

ВАК жұмысы аясында кейбір Салушыларға бірнеше рет рұқсат құжаттарын рәсімдеу бойынша шаралар қабылдау және тұрғын үйлерді заңсыз сатуды тоқтату ұсынылған болатын.

Бұл ретте кейбір салушылар жылжымайтын мүлік агенттіктеріне сату туралы хабарландырулар бермегендерін және аталған нысандардың құрылысы жүргізілмей жатқандығын мәлім етті. Мысалы, «Туранский квартал» ТК бойынша материалдарды Астана қаласының ІІД беру туралы шешім қабылданды, өйткені пәтерлерді сату бойынша хабарландыру салушының келісімінсіз берілген. Отырыс аясында құрылыс компанияларының өкілдерімен әңгімелесу өткізіліп, барлық бұзушылықтарды жою міндеттелді.

Қазіргі кезде құрылысы барысында заңбұзушылыққа жол берілген объектілер тізіміне 41 нысан енгізілген. Қала тұрғындары тарапынан шағымдардың көп түсуіне байланысты тұрақты бақылауды қажет ететін және жұмыстарды жүргізу кестесінен айтарлықтай қалып қойған, сондай-ақ, құрылыс барысында бұзушылықтарға жол берілген объектілер тізімінде 14 объекті бар. Бұдан басқа, жеті нысанның құрылысы барысында құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде бұзушылықтарға жол берілген және өз еркімен басып алу фактілері орын алған.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнама нормаларынан тыс заңсыз тұрғын үй сату фактілерінің жолын кесу мақсатында отырыстар жүйелі түрде аптасына екі рет өткізіледі.

Құрылыс заңнамасы нормаларын бұзған салушылар тізімі БАҚ мониторингіне, сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің сайтындағы «Виртуалды қабылдау бөлмесі» және «Халықтық бақылау» айдарларына келіп түсетін азаматтардың өтініштеріне сәйкес ұдайы жандандырылып отырады.