Бір көзден тәсілімен кеңсе орын-жайларын жалдау бойынша қызметті мемлекеттік сатып алу туралы

Бір көзден тәсілімен  кеңсе орын-жайларын жалдау

 бойынша  қызметті  мемлекеттік сатып алу туралы

ХАТТАМА

 

Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 43                                                                       2015 жылғы 5 наурыз

сағат 16.00

1. Астана қаласы Желтоқсан көшесі, 43 үйде орналасқан мемлекеттік сатып алудың Тапсырыс берушісі және Ұйымдастырушысы «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» ММ кеңсе орын-жайларын жалдау бойынша қызметті бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС ұсынған құжаттарды қарастырды.

2. Кеңсе орын-жайларын жалдау бойынша қызметті бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома ҚҚС есебінсіз 10 156 250 (он миллион  бір жүз елу алты мың екі жүз елу) теңге.

3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 32 бабының 2 тармақшасына және Басқарманың                     2015 жылғы 03 наурыздағы № 06-06/ 16б   «Кеңсе орын-жайларын жалдау бойынша қызметті бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алутуралы» бұйрықтың негізінде бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілі қолданылсын.

4. «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС Заңның 8-бабы 1-тармағында қарастырылған біліктілік талаптарға сәйкес келеді.

5. «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үйде орналасқан.  Жасалатын шарт сомасы 11 375 000 (он бір миллион үш жүз жетпіс бес мың) теңге 00 тиын, оның ішінде ҚҚС сомасы – 1 218 750 (бір миллион екі жүз он сегіз мың жеті  жүз елу) теңге 00 тиын.

6. Сарапшылар тартылған жоқ.

7. Бір көзден тәсілімен берілген сатып алудың қорытындылары бойынша Тапсырыс беруші және Ұйымдастырушы «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» ММ ШЕШТІ:

1. Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 43 үйде орналасқан «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС-ден кеңсе орын-жайларын жалдау бойынша қызметті бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алынсын;

2. Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 43 үйде орналасқан «Астана қаласының Жер қатынастры басқармасы» ММ мемлекеттік сатып алудың Тапсырыс берушісі мен Ұйымдастырушысы  2015 жылғы 12 наурызды  қоса есеп тегенде қызметті мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасын.

3. «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» ММ мемлекеттік сатып алудың Тапсырыс берушісі мен Ұйымдастырушысы осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастырсын (www.uzo.astana.kz).

 

«Астана қаласының Жер қатынастары

басқармасы» ММ басшысының

орынбасары, комиссия төрағасы                                                                Н.Ә. Кенжебаев

 

«Астана қаласының Жер қатынастары

басқармасы» ММ басшысының

орынбасары, төраға орынбасары                                                               А.Ж. Ахметов

                                                  

«Астана қаласының Жер қатынастары

басқармасы» ММ заң бөлімінің басшысы,

комиссия мүшесі                                                                                                С.Т. Инсебаев

 

«Астана қаласының Жер қатынастары

басқармасы» ММ бухгалтерлік есеп  және

қаржылық есептілік бөлімінің басшысы,

комиссия хатшысы                                                                                    Л.К. Рахимгулова