«Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2013 жылғы 30 мамырдағы № 197-877 Астана қаласы әкімдігінің қаулысы

«Астана қаласының Жер қатынастары

басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

жеке және заңды тұлғаларға көрсететін

мемлекеттік қызметтердің

регламенттерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодесіне және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы   27 қарашадағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулыларына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай мемлекеттік қызметтер регламенттері:

1) «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелердің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» 1-қосымшаға сәйкес;

2) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» 2-қосымшаға сәйкес;

3) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» 3-қосымшаға сәйкес;

4) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуі, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануы және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім                                                                                     И. Тасмағамбетов