Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 93/11-V шешімі

Астана қаласы мәслихатының

2009 жылғы 29 қаңтардағы № 185/30-ІV

«Жер учаскелері жеке меншікке берілген,

мемлекет немесе мемлекеттік жер

пайдаланушылар жалға берген кезде

олардың кадастрлық (бағалау) құнын

белгілеу үшін түзету коэффициенттері

мен аймақ шекараларын бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 10 11-баптарына сәйкес Астана қаласының маслихаты ШЕШТІ: 

  1. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 185/30-ІV

«Жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олардың кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін түзету коэффициенттері мен аймақ шекараларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  2009 жылғы 5 наурыздағы № 566 болып тіркелді, 2009 жылғы 12 наурыздағы  № 29-30 «Вечерняя Астана», 2009 жылғы 12 наурыздағы № 27 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланды) төмендегі өзгерістері енгізілсін:

аталған шешімнің 1-қосымшасы бар шешімнің қосымшасына сәйкес, жаңа нұсқасымен баяндалсын.

2. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік  күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласы

мәслихаты сессиясының

төрағасы                                                                                            Н. Мещеряков

 

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы                                                                          С. Есілов