Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 94/11-V «Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары және салық салу мақсатары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы туралы» шешімі

Жер салығының базалық ставкаларын

арттыру (төмендету) пайыздары және

салық салу мақсатары үшін жерлерді

аймақтарға бөлу сұлбасы туралы

 

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8-бабына және Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 387-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 1 және 2 қосымшаларға сәйкес, салық салу мақсаттары үшін аймақтарға бөлу сұлбасы және аймақтар шекарысының сипаттамасы бекітілсін.
  2. 3 қосымшаға сәйкес, жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары бекітілсін.

Аталған жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары автотұрақтарға (паркингтер) және жанармай құю бекеттеріне бөлінген жер учаскелеріне қолданылмайды.

  1. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 184/30-ІV «Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары және салық салу мақсатары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  2009 жылғы 5 наурыздағы № 565  болып тіркелді, 2009 жылғы 12 наурыздағы № 29-30 «Вечерняя Астана», 2009 жылғы 12 наурыздағы № 27 «Астана ақшамы» газеттерінде жаряланды) күшін жойды деп тану.
  2. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласы  

мәслихаты сессиясының

төрағасы                                                                                            Н. Мещеряков

 

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы                                                                          С. Есілов