Бірлескен 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 83 Астана қаласы әкімдігінің қөулысы және 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 92/11-V Астана қаласы мәслихатының шешімі

«Астана қаласы аумағында жер учаскелеріне

төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы»

Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы

№ 79 қаулысына және мәслихатының 2011 жылғы

7 желтоқсандағы № 523/75-IV шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің     10-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 13)-тармақшасына және 27-бабы 1-тармағы 8)-тармақшасына сәйкес, Астана қаласының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихатыШЕШТІ:

  1. «Астана қаласы аумағында жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 79 қаулысына және мәслихатының 2011 жылғы                  7 желтоқсандағы № 523/75-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 704 болып тіркелді, 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 «Вечерняя Астана»,              2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланды) төмендегі өзгерістер енгізілсін:

қаулының және шешімінің кіріспе сөз басы төмендегі нұсқа бойынша баяндалсын:

«2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің     10-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 13)-тармақшасына және 27-бабы 1-тармағы 8)-тармақшасына сәйкес, Астана қаласының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихатыШЕШТІ:»;

1-тармақты төмендегі нұсқа бойынша баяндалсын:

«Астана қаласы аумағында құрылыс жүргiзу үшiн берiлген немесе үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерi салынған, оларға қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, олардың базалық төлемақы ставкаларын бір шаршы метр үшін 6 683 (алты мың алты жүз сексен үш) теңге мөлшерінде белгілеу».

  1. Осы Астана қаласы әкімдігің қаулысы және мәслихатының шешімі ол алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Астана қаласының әкімі     Астана қаласы

  мәслихаты сессиясының

  төрағасы

_______________ И. Тасмағамбетов   _______________Н. Мещеряков
     

  Астана қаласы

  мәслихатының хатшысы                    

___________________С. Есілов