Астаны қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 15 ақпандағы № 197-183 «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы   20 шілдедегі № 745, «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулыларына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Төмендегі мемлекеттік қызметтердің регламенттері бекітілсін:

Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін актілер ресімдеу және беру»;

Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығын беретін актілер ресімдеу және беру»;

Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актілер ресімдеу және беру»;

Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Жеке меншік құқығын беретін актілер ресімдеу және беру».

2. «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулының белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

 

 

Әкім                                                                                     И. Тасмағамбетов

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация министрі                                 А. Жұмағалиев

2012 жылғы «15» ақпан