Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы N 432/58-IV шешiмiмен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидасы

Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидасы

Осы Астана қаласының аумағында құрылыс жүргiзу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының Жер кодексiне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне, Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы”, “Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы”, “Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы”, “Тұрғын үй қатынастары туралы”, “Жеке тұрғын үй құрылысы туралы”, “Жеке кәсiпкерлiк туралы” заңдарына, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жер учаскелерiн пайдалану, Астана қаласының аумағы мен қала маңындағы аймақтарды жобалау мен салу жөнiндегi шарттар мен талаптарды белгiлейдi.
Осы Қағида нормативтiк құқықтық актi болып табылады және жаңа жылжымайтын мүлiк объектiлерiн және уақытша құрылыстарды орналастыру мен салуға немесе қолданыстағыларды өзгертуге (қайта өзгерту, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта жаңарту, кеңейту, күрделi жөндеу) рұқсат алу рәсiмдерiн өту тәртiбiн белгiлейдi, Астана қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асырумен байланысты өзге де қарым-қатынастарды реттейдi.

1-бөлiм. Жалпы ережелер

1-тарау. Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Әкiм – Астана қаласының әкiмi;
Әкiмдiк – Астана қаласының жергiлiктi атқарушы органы;
сәулет-жоспарлау тапсырмасы – объектiнiң мақсатына, негiзгi өлшемдерiне және нақты жер учаскесiнде (алаңшада, трассада) орналастырылуына қойылатын талаптар кешенi, сондай-ақ Астана қаласы үшiн қала құрылысы регламенттерiне сәйкес белгiленетiн, жобалау мен құрылыс жүргiзуге қойылатын мiндеттi талаптар, шарттар мен шектеулер;
қаланы абаттандыру – адамның қала аумағында қолайлы, салауатты және ыңғайлы өмiр сүруiне жағдай жасауға бағытталған бөлiктер мен жұмыстар кешенi;
мемлекеттiк қала құрылысы кадастры – қала құрылысы регламенттерiн, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметiнiң аумағын пайдаланудың әлеуметтiк-құқықтық режимiнiң сипаттары, инженерлiк-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейi, онда орналасқан объектiлердiң өлшемдерi мен жай-күйi, сондай-ақ табиғи ауа-райлық пен экологиялық жағдай бойынша оны сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтiндiк ақпаратты қамтитын сан мен сапа көрсеткiштерiнiң мемлекеттiк жүйесi;
қала құрылысы регламенттерi – аумақты (жер учаскелерiн) және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалану режимдерi, рұқсаттары мен шектеулерi (ауыртпашылықты, бас тарту мен сервитуттарды қоса алғанда), сондай-ақ заңнамалық тәртiппен белгiленген Астана қаласында олардың жай-күйiн өзгертуге арналған кез келген рұқсат етiлген өзгерiстер;
құрылыс салушы (тапсырыс берушi) – жылжымайтын мүлiк объектiсiн салуды өзi не құрылыс мердiгерлiк шарты негiзiнде мердiгерлiк ұйым арқылы жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
өтiнiш берушi – жаңа құрылысты жүзеге асыруға не қолданыстағы ғимараттың (құрылыстың) жекелеген орын-жайларын немесе өзге де бөлiктерiн қайта жаңартуға, қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға ниетi бар мүдделi жеке немесе заңды тұлға (меншiк иесi, тапсырыс берушi, құрылыс салушы);
инженерлiк, көлiк және әлеуметтiк инфрақұрылым – қаланың орнықты дамуы мен қызмет етуiн қамтамасыз ететiн инженерлiк жабдықтың (су құбыры желiсi, кәрiз, жылумен қамтамасыз ету, электр желiлерi және т.б.), байланыстың, көлiктiң (автомобиль жолдары, аялдама, тұрақ үшiн орындар және т.б.) құрылыстары мен коммуникацияларының, сондай-ақ халыққа әлеуметтiк және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектiлерiнiң кешенi;
атқарушылық топографиялық түсiрiлiм – қалалық координата жүйесiнде, жаңадан салынған инженерлiк желiлер мен құрылыстармен және абаттандыру мен көгалдандыру бөлiктерiмен Балттық биiктiк жүйесiнде орындалған жергiлiктi жердiң масштабындағы электорондық не графикалық моделi;
“қызыл сызық” – орам, шағын аудан аумағын және жоспарлау құрылымының басқа да бөлiктерiн елордадағы көшелерден, өту жолдары мен алаңдардан бөлу шекарасы;
құрылыс жүргiзудi реттеу сызықтары – “қызыл сызықтан” немесе жер учаскесi шекарасынан бөлумен ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру кезiнде белгiленетiн құрылыс жүргiзу шекарасы;
қала құрылысындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерi (бұдан әрi – жылжымайтын мүлiк объектiлерi) – ғимараттар, құрылыстар мен осы объектiлер орналасатын жер учаскелерiне қатысты пайдалану, салу және қайта жаңарту жөнiндегi қызмет жүзеге асырылатын объектiлер;
сәулет және қала құрылысы органы – Астана қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк реттеу функцияларын орындауға уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – СҚҚО). Сәулет және қала құрылысы органының басшысы лауазымы бойынша Астана қаласының бас сәулетшiсi болып табылады;
мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органы – құрылыс объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауды, Астана қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi – МСҚБО). Астана қаласының МСҚБО басшысы Астана қаласының бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы болып табылады;
жер қатынастары жөнiндегi орган – Астана қаласында жер қатынастары саласындағы функцияларды орындауға уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – ЖҚО);
мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу жөнiндегi мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорын – Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Астана қаласының аумағында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу жөнiндегi уәкiлеттi заңды тұлға;
мемлекеттiк жер кадастры – жер учаскелерiнiң орналасуы, нысаналы мақсаты, көлемi мен шекаралары, сапа сипаттамасы, жер пайдалану есепке алынғандығы және жер учаскелерiнiң кадастрлық құны, өзге де қажеттi мәлiметтер туралы деректер жүйесi. Мемлекеттiк жер кадастрына жер учаскелерiне құқық субъектiлерi туралы ақпаратты да енгiзiледi;
мердiгер – Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыруға лицензияға ие жеке немесе заңды тұлғалар;
қала маңындағы аймақ – Астана қаласының шекарасымен iргелес, Астана қаласының аумағын дамыту, санитарлық-қорғау функцияларын орындау, демалу орындарын, бағбандық пен саяжай серiктестiктерiн орналастыруға арналған жерлер;
жоба – сәулет, қала құрылысы құжаттамасы түрiнде (сызбалар, графикалық және мәтiндiк материалдар, инженерлiк пен сметалық есептер) ұсынылған жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттiң адам өмiр сүруi мен тiршiлiгiне қажеттi жағдайды қамтамасыз ету жөнiндегi жоспары;
құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзуге рұқсат құжаты – жаңа құрылысты жүргiзу немесе қолданыстағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiн өзгерту (қайта өзгерту, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта жаңарту, кеңейту, күрделi жөндеу) жобасын iске асыруды бастауға құқық беретiн құжат;
құрылыс – жаңа объектiлердi салу және (немесе) қолданыстағыларды (ғимараттарды, құрылыстар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларын) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау, қайта жаңарту, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), оларға байланысты технологиялық пен инженерлiк жабдықты монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын шығару (өндiру) арқылы өндiрiстiк және өндiрiстiк емес мақсаттағы негiзгi қорларды құру, сондай-ақ құрылысы аяқталмаған объектiлердi жабу және пайдалану мерзiмi өтiп кеткен объектiлердi кейiннен өңдеу жөнiндегi қызмет;
құрылыс алаңы – салынатын объектiнi, уақытша құрылыстарды, техниканы, топырақ үйiндiлерiн орналастыру, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен жабдықты жинап қою, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшiн пайдаланылатын аумақ
топографиялық түсiрiлiм – жердiң масштабта, қалалық координата жүйесiнде, Балттық биiктiк жүйесiнде орындалған және қолданыстағы жер үстiндегi және жер астындағы желiлер мен құрылыстарды көрсететiн электорондық не графикалық моделi;
пайдаланушы ұйым – инженерлiк коммуникацияларды (су құбыры мен электр желiлерi, газбен және жылумен қамтамасыз ету, байланыс және т.б.), ғимараттар мен құрылыстарды (ПИК, ӨК, ПКСД, ТК және басқалар) пайдалануды жүзеге асыратын ұйым;
жер учаскесiн таңдау – жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты мен пайдалану тәртiбiн анықтаумен оны белгiлеу;
жер комиссиясы – жер заңнамасында белгiленген тәртiппен әкiмдiкпен құрылатын және жер учаскелерiне құқық беруге байланысты мәселелердi қарастыратын комиссия;
мамандандырылған сәулет ұйымы – Әкiмдiк құрған, құрылыс салушыға қала қызметiн жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтi жинау, жер бөлу сызбасын, бас жоспардың нобайын, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, ахуалдық сызбаны, орналастыру сызбасын әзiрлеу, ғимараттар мен құрылыстардың негiзгi осьiн белгiлеу, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшiн нақты көлемде жер учаскелерiнiң шекарасын белгiлеу қызметiнiң негiзгi түрi болып табылатын заңды тұлға;
тiркеу органы – жылжымайтын мүлiкке құқықты тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган;
түнгi уақыт – жергiлiктi уақыт бойынша жиырма үш сағаттан бастап алты сағатқа дейiнгi аралық
жер учаскесiне құқық беретiн құжат – олардың негiзiнде жер учаскесiне құқық пайда болатын, өзгеретiн немесе күшi жойылатын заңды фактiлердiң (заңды бөлiктердiң) бар болуын растайтын құжат, соның iшiнде шарттар, сот шешiмдерi, атқарушы органдардың құқықтық актiлерi, мұраға құқық туралы куәлiк, меншiк құқығында жер учаскесiне ие немесе уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатып алған мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың қайта құрылуы кезiндегi тапсыру актiсi немесе бөлу теңгерiмi;
жер учаскесiнiң сәйкестендiру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрын жүргiзу мақсатында қажеттi жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамасын қамтитын құжат;
инвестор – объектi құрылысына күрделi қаржы салуды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға, инвестор құрылыс салушы болуы мүмкiн;
мұздан жасалған құрылыстар – қолданбалы сипаттағы көркемдiк өнер туындысы, қысқа уақытқа орналастырылатын құрылыстарға жатады және орнату барысында монолит етiп құйылған, жекелеген жағдайларда металлдан жасалған iшкi негiзгi конструкциялармен, мұз бөлiктерiнен жылдың суық (аяз) кезеңiнде жасалады;
мұз қалашығы – мұздан жасалған құрылыстар кешенi;
мәслихат – Астана қаласының жергiлiктi өкiлдi органы;
рұқсатсыз жүргiзiлген құрылыс – рұқсатсыз салынған (көтерiлген) құрылыстар (Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген тәртiппен сол мақсаттарға бөлiнбеген жер учаскесiнде салынған, сондай-ақ, ол үшiн қажеттi рұқсат құжатын алусыз салынған тұрғын үйлер, басқа да құрылыстар немесе өзге де жылжымайтын мүлiк);
құрылыс нормалары мен ережелерi – жобалау мен құрылысты жүзеге асыру кезiнде орындауға жататын нормативтiк техникалық құжаттар.

2 – тарау. Қағиданың мақсаты мен мiндеттерi

2. Осы Қағиданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының бас жоспар негiзiнде тұрақты және кешендi дамуы, әлемнiң қазiргi заманғы сәулет-құрылыс стандарттарына сәйкес елорданың сәулет келбетiн қалыптастыру үшiн жағдай жасау;
2) жер қатынастары, Астана қаласының аумағында жобалау мен құрылыс жүргiзу мәселелерi бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiне қала құрылысы мен құрылыс талаптарын белгiлеу;
3) жеке және заңды тұлғалардың жер пайдалану мен құрылыс жүргiзу саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету;
4) инвестицияларды тарту үшiн жағдай жасау.
3. Осы Қағида Елорда аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыратын және бақылайтын жеке, заңды тұлғалармен сақталуы мiндеттi.
4. Осы Қағида Астана қаласының аумағында құрылыс жүргiзу мен жер пайдалануды реттеу тәртiбiн белгiлейдi.

3 – тарау. Қала құрылысы талаптарының
сақталуын қамтамасыз ету

5. Астана қаласының аумағында түрлi мақсаттағы объектiлердi рұқсатсыз салуға жол берiлмейдi.
6. Астана қаласының аумағында құрылыс жұмыстарының барлық түрi осы Қағидаға сәйкес берiлетiн рұқсат құжаттары болған кезде жүзеге асырылады.
7. Құрылыс регламенттерiне сәйкес әкiмдiк белгiлейтiн және жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарында көрсетiлген нысаналы мақсатына қатаң түрде сәйкес болғанда жер учаскелерiнде құрылыс жүргiзуге және оларды пайдалануға рұқсат берiледi. Құрылыс жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалану кезiнде меншiк иесi немесе жер пайдаланушы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатының жоспарланған құрылыс объектiсiне сәйкес болуын өзiндiк қамтамасыз етедi. Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту және жердi бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру үшiн жерге орналастыру жобасы мен өзге де құжаттар мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өтуi тиiс.
8. Астана қаласының аумағында азаматтарға өмiр сүруге ыңғайлы жағдай мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында инженерлiк желiлер, жүйелер мен коммуникациялардағы апаттарды жою жөнiндегi қалпына келтiру жұмыстарын қоспағанда, түнгi уақытта шу шығаратын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.
9. Астана қаласының аумағында жобалау-iздестiру, сараптамалық, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын шығару жөнiндегi жұмыстар тек тиiстi лицензия болғанда ғана жүзеге асырылады.
10. Лицензияларды беру тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген.
11. Жеке және заңды тұлғалар Астана қаласының аумағында:
1) осы Қағидаға сәйкес құрылыс жүргiзудi жүзеге асырады;
2) тарих және мәдениет ескерткiштерiне, табиғат ескерткiштерiне, қала, ауыл мен табиғат жерлерiне, инженерлiк, көлiк инфрақұрылымы және аумақты абаттандыру объектiлерiне зиян келтiретiн, үшiншi тұлғалардың заңды мүдделерiн қозғайтын және меншiк иелерiнiң, жалға алушылардың немесе шектес жер учаскелерi мен өзге де жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдаланушылардың құқықтарын iске асыруға кедергi болатын iс-қимылдар жасамайды;
3) бекiтiлген сәулет-қала құрылысы құжаттамасына, құрылыс нормалары мен ережелерiне, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және өзге де арнайы нормативтер мен талаптарға сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды және өзге де жылжымайтын мүлiк объектiлерiн қалыпты күтiп ұстау, жер учаскелерiн абаттандыру жөнiнде жұмыс жүргiзедi;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың ұсынымдарын орындайды;
5) МСҚБО сұранымы бойынша құрылыс объектiлерi жөнiнде қажеттi ақпарат пен техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиiстi жобалар сараптамасының қорытындысын бередi;
6) жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық түгендеу мен техникалық тексеру жүргiзудi жүзеге асыратын ұйымдарға қала құрылысы мемлекеттiк кадастрын және қала аумағында құрылыс жүргiзiлуiне мониторинг жүргiзуге, жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi жылжымайтын мүлiк объектiлерiне қол жеткiзуге рұқсат бередi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға қажеттi жобалау-сметалық құжаттаманы, кешендi инженерлiк зерттеулердi және өзге де материалдарды бередi;
8) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi заңнамасының талаптарын сақтайды.

4-тарау. Мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерi

12. Әкiмдiктiң құзыретiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналар кiредi:
1) Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидасын мәслихатқа бекiтуге ұсыну;
2) жобалау, зерттеу мен iздестiру жұмыстарын жүргiзу және құрылыс жүргiзу мақсатында жер учаскесiн беру немесе беруден бас тарту (тиесiлi жер учаскесiне қосымша учаскенi қосып алу) туралы не өтiнiш берушiге меншiк құқығында немесе жер пайдалану құқығында тиесiлi жер учаскесiн құрылыс жүргiзуге пайдалануға рұқсат беру туралы шешiм қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының аумағында iске асырылатын қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметi саясатын пысықтауға қатысу;
4) жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн;
5) мыналарды:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы Астана қаласының аумағында қолданылатын мемлекеттiк нормативтердiң (мемлекеттiк нормативтiк құжаттар) жобаларын;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн ерекше реттеу ережесiн, сондай-ақ Астана қаласының аумағында және қала маңындағы аумақта қала құрылысын регламенттеудi;
қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңарту процесiн реттеу, соның iшiнде тұрғын ғимараттардың мансардтық құрылысы мен үлгi қабаттарын салу ережесiн келiсу;
6) қайта жаңарту объектiлерiн жобалау, салу мен пайдалануға беру мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
13. Астана қаласы сәулет және қала құрылысы органының құзыретiне мыналар кiредi:
1) Астана қаласының аумағында мемлекеттiк сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргiзу;
2) Әкiмге объектiлер мен кешендердi орналастыру, қала құрылысы мақсатында жер учаскелерiн беру және оларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн алып қою жөнiнде ұсыныстар дайындау;
3) пайдалануға берiлетiн объектiлердi (кешендердi) қабылдау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк, қоғамдық және жеке меншiк мүдделердi қорғау мәселелерi жөнiнде жобаларды мемлекеттiк сараптау, мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясының республикалық және аумақтық бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл;
5) Астана қаласының мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу;
6) қолданыстағы тұрғын ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды (жекелеген бөлiктер) өзгерту (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзiрлеуге сәулет-жоспарлау тапсырмасын және қажеттi бастапқы деректердi беру;
7) МСҚБО-мен бiрлесiп рұқсатсыз құрылысқа мониторинг жүргiзу; рұқсатсыз құрылыс анықталған жағдайда шара қолдану;
8) ғимараттарға, құрылыстар мен өзге де объектiлерге реттiк нөмiрлер беру;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
14. Жер қатынастары жөнiндегi орган өз құзыретi шегiнде:
1) сәулет және қала құрылысы органымен бiрлесiп аумақтық бөлуге сәйкес көрсетiлген нысаналы мақсаты бойынша сұратылған жер учаскесiн пайдалану мүмкiндiгiн белгiлейдi;
2) Әкiмдiк қаулыларының және осы Қағидада көзделген шарттардың жобаларын дайындайды;
3) жер учаскелерiн қалыптастыру және мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құны жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiтудi жүзеге асырады;
4) жер учаскелерiне сәйкестендiрiлген құжаттарды бередi;
5) мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiнде Әкiмдiктiң қаулы жобаларын дайындау үшiн қажеттi жерге орналастыру жобаларын дайындау мен бекiтудi ұйымдастыруды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
15. МСҚБО құзыретiне мыналар кiредi:
1) тапсырыс берушiде (құрылыс салушыда) белгiленген жер учаскесiне оның тиiстi құқығын растайтын құжаттардың және мердiгермен (бас мердiгермен) жасалған шарттың болуын; құрылыс-монтаждау жұмыстарының тиiстi түрлерiне мердiгерлiк ұйымда лицензиялардың болуын; белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманың болуын; жобалық шешiмдердiң қатаң сақталуын; құрылысқа қатысушылардың атқарушылық техникалық құжаттаманың уақтылы ресiмделуi мен жүргiзiлуiн, соның iшiнде бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу кезiнде; қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкциялардың, құрастырылатын жабдық сапасын; тиiстi сертификаттардың болуын; жүргiзiлетiн құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын; орындалған жұмыстардың толық көлемiн және құрылысы аяқталған объектiнiң оны пайдалануға қабылдау мен қосу рәсiмiне дайындығын қадағалауды жүзеге асыру;
2) құрылыс-монтаждау жұмыстарына (құрылыстың басталуы), бөлек орын-жайларды немесе тұрғын ғимараттардағы жеке бөлiктердi қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға), инженерлiк желiлердi жөндеуге, салуға, шағын сәулет нысандарын және қалалық ресiмдеу мен абаттандырудың бөлiктерiн орнатуға байланысты қала аумағының жерлерiн қазу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге рұқсат беру;
3) салынып жатқан (құрылысы жоспарланған) объектiлерге мониторинг жүргiзу және салынып жатқан (қайта жаңартылатын, кеңейтiлетiн, жаңғыртылатын, күрделi жөнделетiн) объектiлер мен кешендердiң қауiпсiздiгiн бақылау;
4) қабылдау және мемлекеттiк қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
5) бұзушылықтарға жол берген не белгiленген нормативтiк мерзiмдерде жiберiлген бұзушылықтарды жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты шараларды қолдану;
6) жобалау-iздестiру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды шығару жөнiндегi жұмысты, тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу үшiн жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебiнен тұрғын ғимараттарды салуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

2-бөлiм. Астана қаласының аумағында құрылыс салуды реттеу

5-тарау. Жер учаскелерiне құқық беру кезiндегi
рұқсат беру рәсiмдерi

§1. Құрылыс салу үшiн жер учаскелерiне құқық берудiң
жалпы тәртiбi

16. Жеке және заңды тұлғалардың меншiгiне немесе жер пайдалануға мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқық беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Құрылыс салу үшiн жер учаскелерiне құқық беру кезiнде тиiстi шарттарда жер учаскесiн берудiң мынадай талаптары көзделедi:
1) инженерлiк, көлiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн салу (заңнамада белгiленген жағдайларды қоспағанда);
2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн салу мерзiмдерiн сақтау;
3) жалпы пайдаланымдағы аумақты абаттандыру.
Жер учаскесiне құқықтардың басқа тұлғаға ауысу жағдайында көрсетiлген талаптар сақталып қалады.
17. Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығын алуда мүдделi жеке және заңды тұлғалар Әкiмдiкке өтiнiш (өтiнiм) бередi.
Өтiнiште мыналар көрсетiлу тиiс:
1) жер учаскесiн пайдалану мақсаты;
2) оның болжамды көлемi;
3) орналасқан жерi;
4) сұратылған пайдалану құқығы;
5) жеке тұлғалар үшiн – өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), мекен-жайы мен телефоны, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТТН) не жеке сәйкестендiру (ЖСН);
6) заңды тұлғалар үшiн – ұйым атауы, оның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, басшының тегi, аты, әкесiнiң аты, почталық мекен-жайы мен телефоны, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТТН) не бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БСН).
18. Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш Әкiмдiкке түскен сәттен бастап екi ай мерзiмге дейiн, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскелерiне құқық беру кезiнде – үш апта мерзiмiнде қаралады.
19. Мүдделi тұлғаның жер учаскесiн беру туралы өтiнiшi (өтiнiмi) Әкiмдiкте тiркелгеннен кейiн жер қатынастары жөнiндегi органға және кейiннен сәулет және қала құрылысы органына өтiнiштi (өтiнiмдi) қанағаттандыру мүмкiндiгiн (жер учаскесiн алдын ала таңдауға) анықтау үшiн жiберiледi.
20. Объектiлердi салу үшiн жер учаскесi сұратылған кезiнде сәулет және қала құрылысы органы мамандандырылған сәулет ұйымына тиiстi сауал жiберу арқылы он жұмыс күнi iшiнде өтiнiштi (өтiнiмдi) қанағаттандыру мүмкiндiгiн алдын ала тексерудi дайындауды қамтамасыз етедi.
21. Өтiнiштi (өтiнiмдi) қанағаттандыру мүмкiндiгiн алдын ала тексеру:
жер учаскесiн алдын ала таңдау жөнiнде ұсыныстар дайындауды;
таңдалған жер учаскесiн орнында зерттеумен объектiнi бекiтiлген қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына сәйкес орналастыру мүмкiндiгiн белгiлеудi қамтиды.
22. Сәулет және қала құрылысы органы жетi жұмыс күнi iшiнде мерзiмiнде жер қатынастары жөнiндегi органға өтiнiште көрсетiлген нысаналы мақсаты бойынша сұратылған жер учаскесiн пайдалану мүмкiндiгi туралы қорытындыны ұсынады.
Қорытындыға жер учаскесiне құқық беру үшiн қажеттi материалдар (қала құрылысы регламенттерiмен, шектеулермен, “қызыл сызықтармен”, жобалау үшiн қажеттi мерзiмдердi көрсетумен нақты жоспар) қоса берiледi.
23. Жер қатынастары жөнiндегi орган мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу жөнiндегi мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорынмен бiрлесiп мемлекеттiк жер кадастрының дерекқорына сәйкес сұратылған жер учаскесiнiң меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушылардың бар болуы не жоқ болуы туралы мәлiметтi тексередi.
Сұратылған жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушылардың бар болуы анықталған жағдайда жер учаскесiн беру алып қою шартымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
24. Әкiмдiк, егер құрылыс салушы (инвестор):
құрылыс жүргiзуге берiлген жер учаскесiнен бас тартса;
жер учаскесiне құқық беру туралы қаулыдан туындайтын мiндеттемелердi орындау мерзiмiн екi айдан астам бұзса, жер учаскесiн алуға өтiнiш берген өзге өтiнiш берушiге жер учаскесiн бере алады.
25. Жер қатынастары жөнiндегi орган бес жұмыс күнi iшiнде жер учаскесi жөнiндегi материалдарды дайындайды және оларды жер комиссиясының қарауына енгiзедi.
26. Жер комиссиясы ұсынылған материалдарды қарап, жер учаскесiне өтiнiште көрсетiлген құқықты беру мүмкiндiгi не беруден бас тарту туралы қорытынды бередi.
27. Жер комиссиясының шешiмi хаттама ретiнде ресiмделедi және жер комиссиясының төрағасымен бекiтiледi.
28. Жер қатынастары жөнiндегi орган жер комиссиясының хаттамасы бекiтiлгеннен кейiн жетi жұмыс күнi iшiнде Әкiмдiктiң жерге тиiстi құқық беру (беруден бас тарту) туралы қаулы жобасын әзiрлейдi және оны Әкiмге бекiтуге енгiзедi. Жер учаскесiн беруден бас тарту Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген негiздер бойынша жүзеге асырылады. Жер учаскесiн беруден бас тартылған жағдайда Әкiмдiк қаулысынан көшiрме қаулы қабылданған күннен бастап жетi күн iшiнде өтiнiш берушiге жiберiледi.
29. Жер қатынастары жөнiндегi орган Әкiмдiктiң жер учаскесiн беру туралы қаулысы қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiмен жер учаскесiн сату – сатып алу немесе уақытша жер пайдалану шартын жасайды.
30. Сәйкестендiру құжаты өтiнiш берушi жер учаскесi үшiн салық органы растаған төлем жүргiзгеннен, ауыл шаруашылығы немесе орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтегеннен (ауыл шаруашлығы жерлерiн немесе орман қоры жерлерiн беру жағдайында) кейiн тiркеу журналына оған қол қоюмен берiледi.
31. Сәулет және қала құрылысы органы Әкiмдiктiң жобалау және (немесе) құрылыс салу мақсатында жер учаскесiн беру туралы қаулысынан көшiрме келiп түскен күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде құрылыс салушымен бекiту үшiн келесi талаптар анықталған жер учаскесiн игеру шартын дайындайды:
1) шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын игеру кестесiне сәйкес жер учаскесiн игеру мерзiмi;
2) жер учаскесiн игеру кестесiне сәйкес аралық бақылау мерзiмi;
3) құрылыс салушы жер учаскесiн игеру кестесiн орындамаған жағдайда одан жер учаскесiн (пайдалану құқығын) алып қою шарттары сияқты талаптар белгiленедi.
32. Жер учаскесiне құқықтың пайда болуы, өзгеруi немесе тоқтатылуы мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.

§2. Мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн жер учаскесiн мәжбүрлеп
алып қоюдың ерекшелiктерi

33. Әкiмдiк алып қою шартымен жер учаскесiн беру туралы қаулыны қабылдағаннан кейiн өтiнiш берушiлер мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн жер учаскесiн мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы өтiнiшпен Әкiмдiкке жүгiнедi.
Осы өтiнiштер Әкiмдiкте тiркелгеннен кейiн мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу жөнiндегi мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорынмен бiрлесiп жерге орналастыру жобасын және Әкiмдiктiң тиiстi қаулы жобасын дайындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру үшiн жер қатынастары жөнiндегi органға жiберiледi.
34. Мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн жер учаскесiн мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы Әкiмдiк қаулысының жобасында:
1) қаржыландыру, алып қою рәсiмдерiн жүзеге асыру, рұқсатсыз құрылыс жүргiзуге жол бермеу, меншiк иелерiн немесе жер пайдаланушыларды хабардар ету және оларға өтемақы төлеу үшiн жауапты мемлекеттiк органдардың атауы;
2) алып қоюға жататын жер учаскелерiнiң сәйкестендiту сипаттамалары (кадастрлық нөмiрi, орналасу жерi, ауданы, құқық түрi, нысаналы мақсаты) туралы материалдар және бөлiнген жер шекарасындағы алынып қойылатын жер учаскелерiнiң орналасу сызбасы көрсетiледi.
35. Алынып қойылатын жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiктi бұзу тiркеу органында бағдарлама әкiмшiсi жер учаскесiне құқықты тiркегеннен кейiн МСҚБО берген рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
36. Алынып қойылатын жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiктi бұзу құрылыс салушының (инвестордың), Астана қаласы тиiстi ауданы әкiмдiгiнiң, қажет болған жағдайда инженерлiк желiлер қарамағындағы кәсiпорындардың және санэпидемқадағалау органының өкiлi қол қоятын актiнi мiндеттi ресiмдеумен жүзеге асырылады.

§3. Құрылыс жүргiзу кезiнде жер учаскесiнiң нысаналы
мақсатын өзгерту тәртiбiнiң ерекшелiктерi

37. Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтiнiш Әкiмдiкке тапсырылады.
38. Мүдделi тұлғаның жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтiнiшi (өтiнiмi) Әкiмдiкте тiркелгеннен кейiн жер қатынастары жөнiндегi органға және кейiннен сәулет және қала құрылысы органына бекiтiлген қала құрылысы регламенттерiне сәйкес жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту мүмкiндiгiн анықтау үшiн жiберiледi.
39. Сәулет және қала құрылысы органы өтiнiш келiп түскен күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жер қатынастары жөнiндегi органға сұратылған нысаналы мақсаттың қала құрылысы құжаттамасына сәйкестiгi не сәйкес еместiгi туралы қорытындыны жiбередi.
40. Жер қатынастары жөнiндегi орган сәулет және қала құрылысы органының қорытындысын алғаннан кейiн жетi жұмыс күнi iшiнде жер учаскесi жөнiнде материалдарды дайындайды және оларды жер комиссиясының қарауына енгiзедi.
41. Жер комиссиясы жер учаскесiнiң сұратылған нысаналы мақсатын өзгерту мүмкiндiгi не мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
42. Жер қатынастары жөнiндегi орган жер комиссиясының хаттамасына қол қойылғаннан кейiн жетi жұмыс күнi iшiнде әкiмдiктiң жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту не өзгертуге рұқсат беруден бас тарту туралы тиiстi қаулы жобасын дайындайды және оны Әкiмдiкке бекiтуге енгiзедi.
Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген негiздер бойынша жүзеге асырылады. Бас тарту жағдайында Әкiмдiк қаулысынан көшiрме өтiнiш берушiге қаулы қабылданған күннен бастап жетi күн iшiнде жiберiледi.
43. Әкiмдiк нысаналы мақсатты өзгерту туралы қаулысын қабылдаған жағдайда жер қатынастары жөнiндегi орган мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу жөнiндегi мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорнымен бiрлесiп Әкiмдiктiң тиiстi қаулысы қабылданған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде өзгертiлген нысаналы мақсатымен жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қайта ресiмдейдi және оны бередi.

6-тарау. Жер учаскелерiн пайдалануға қойылатын
қала құрылысы талаптары

44. Бекiтiлген Астана қаласының Бас жоспары аумақтық және қала құрылысы дамуының талаптарын белгiлейтiн негiзгi қала құрылысы құжаты болып табылады. Қала құрылысы құжаттамасының басқа түрлерiн (түбегейлi жоспарлау жобалары, құрылыс жүргiзу жобалары, инженерлiк желiлердi дамыту сызбалары) Астана қаласының Бас жоспарына сәйкес Астана қаласының бас сәулетшiсiмен келiсiм бойынша әзiрленедi және Әкiмдiк қаулысымен бекiтiледi.
Бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасы Астана қаласының қала құрылысы қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.
Қала құрылысы жағдайларының өзгеруiне жедел жауап беру мақсатында кейiннен Әкiмдiктiң қаулысымен бекiтумен Астана қаласының бас сәулетшiсiмен бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына өзгерiстер енгiзуге жол берiледi.
45. Жер учаскелерi құрылыс жүргiзу үшiн берiлген кезiнде оларды пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары бекiтiлген Бас жоспардың, түбегейлi жоспарлау мен құрылыс жүргiзу, қала құрылысын бөлу жобаларының, сондай-ақ осы Қағиданың негiзiнде белгiленедi.
46. Астана қаласының аумағында құрылыс жүргiзу үшiн жеке немесе заңды тұлғалардың жер учаскелерiн пайдалануы (коммуникацияларды салуды, аумақтың инженерлiк дайындығын, абаттандыруды, көгалдандыру мен жер учаскесiн жайғастырудың басқа түрлерiн қоса алғанда) тек осы Қағидаға сәйкес қана жүзеге асырылуы мүмкiн.
47. Жер учаскелерiн бөлу немесе олардың шекаралары мен көлемдерiн өзгерту “қызыл сызықты”, құрылыс жүргiзудi реттеу шегiн және қала құрылысы регламенттерiнiң талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiн бөлу жағдайында дербес жылжымайтын мүлiк объектiлерi ретiнде олардың қызмет етуi үшiн жағдай жасалады.
48. Жер қатынастары жөнiндегi орган жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгiн сәулет және қала құрылысы органымен келiседi.

7-тарау. Тұрғын аумағында құрылыс жүргiзу

49. Тұрғын аумағында құрылыс жүргiзу бекiтiлген қала құрылысы және жобалау-сметалық құжаттама негiзiнде жүзеге асырылады.
50. Тұрғын аумақтарын жобалау және тұрғын үйлердi орналастыру кезiнде үйлер мен олар орналасқан жер учаскелерiн ұстау мен оларға қызмет көрсету мақсатында кейiннен көппәтерлi тұрғын үйлердiң тұрғын және тұрғын емес орын-жайлары меншiк иелерiнiң кондоминиумын құру мүмкiндiгiн көздеу қажет.
51. Көппәтерлi тұрғын үйлердiң кешендерiн жобалау кезiнде экологиялық, санитарлық және өртке қарсы талаптарды ескерумен үстiнде балалардың ойын, спорт және шаруашылық алаңдарын жайғастырумен автопаркинг, гараж бен инженерлiк жабдық қондырғыларын орналастыру үшiн жер асты кеңiстiгiн мүмкiндiгiнше барынша пайдалану қажет.
52. Аула кеңiстiгiнiң бөлiктерiн жайғастыру жөнiнде талап етiлген аудан есебi сәулет-жоспарлау тапсырмасына және қолданыстағы нормативтерге сәйкес орындалады.

8-тарау. Астана қаласының маңындағы аймаққа
енгiзiлген аумақта құрылыс жүргiзу

53. Астана қаласының қала маңындағы аймағына енгiзiлген жерлер Астана қаласының қала маңындағы аймақ аумағын қала құрылысы дамытудың бекiтiлген жобасы негiзiнде пайдаланылады.
54. Әкiмдiктiң Ақмола облысының әкiмдiгiмен Астана қаласының Бас жоспарына бұрын бекiтiлген жоспарлау мен құрылыс жүргiзу, аумақтың жер-шаруашылық құрылымы, жерлердi бөлу сызбалары жобаларының және аумағы Астана қаласының қала маңындағы аймағына кiретiн елдi мекендердiң өзге де қала құрылысы құжаттамасының сәйкестiгiн анықтау жөнiндегi өзара iс-қимылы “Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жердiң пайдалану ережесi мен режимiн бекiту туралы” Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1269 қаулысымен реттеледi.
55. Қала маңындағы аймақтың жерлерiн бөлу осындай аумақты пайдаланудың мақсатты режимiн анықтау үшiн жүзеге асырылады. Қала маңындағы аймақтың жерлерiн бөлу кезiнде қала маңындағы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қарқынды дамыту аймағы, ерекше қала құрылысын реттеу, орман, орман саябақтары және қорғау мен санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын басқа да жасыл желектер өсетiн жасыл аймақтар болып бөлiнуi мүмкiн.
56. Жасыл аймақтар жерлерi халық демалатын орын болып табылады және мәдени-сауықтыру, оңалту мен туристiк мақсаттарда пайдаланылады. Мұндай жерлерде жасыл аймақтарының қорғау, санитарлық-гигиеналық функцияларына және халық демалуын ұйымдастыру мақсаттарына сай келмейтiн құрылыстар мен орын-жайларды салуға жол берiлмейдi.
57. Ерекше қала құрылысы реттеу аймағына жататын жерлер Астана қаласын дамыту, оның инженерлiк пен көлiк инфрақұрылымының қалыпты қызмет етуi үшiн қажеттi құрылыстарды орналастыру мен салу үшiн резервтi аумақ болып табылады.
58. Ерекше қала құрылысы реттеу аймағында құрылыс жүргiзу көрсетiлген аймақта орналасқан, Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органы келiскен елдi мекендердiң бас жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
59. Жеке және заңды тұлғаларға ерекше қала құрылысы реттеу аймағынан жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi немесе олардың нысаналы мақсатын өзгертудi заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.

9-тарау. Жобалау

§1. Жобалау алдындағы кезең

60. Әкiмдiктiң құрылыс жүргiзуге жер учаскесiн беру (учаскенi пайдалануға рұқсат беру) туралы қаулысы мен жер учаскесiн игеру шарты тапсырыс берушiнiң белгiленген объектiнi жобалауға арналған тапсырманы құру үшiн негiз болып табылады.
61. Құрылыс жүргiзуге жер учаскесiн беру туралы қаулысы шыққанға дейiн Әкiмдiк жобалауға (құрылыстың бастапқы кезеңi) рұқсат беру туралы шешiмiн шығаруы мүмкiн.
62. Жобалауға тапсырманы тапсырыс берушi не оның уәкiлеттi тұлғасы (құрылыс салушы) құрады және тапсырыс берушi оны бекiтедi. Жобалауға тапсырма жобалау алдындағы және/немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеу жөнiндегi тапсырысты орындауға арналған шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады. Жобалауға тапсырма объектiнiң талап етiлетiн өлшемдердi, өзге де бастапқы деректердi қамту тиiс.
63. Инженерлiк және коммуналдық көздерге қосылуға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмалары мен техникалық талаптарды Әкiмдiк сәулет және қала құрылысы органдары арқылы бередi.
64. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық талаптарды алуға арналған өтiнiштi тапсырыс берушi сәулет және қала құрылысы органына бередi. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) жергiлiктi атқарушы органның жаңа құрылыс салуға жер учаскесiн беру (қосып беру) туралы шешiмi (жер учаскесiн пайдалануға рұқсат) немесе жергiлiктi атқарушы органның қолданыстағы объектiлердi өзгертуге – қайта жаңартуға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) берген шешiмi;
2) бекiтiлген жобалауға тапсырма.
65. Құрылыс жүргiзу үшiн жер учаскесiн беру кезiнде сәулет және қала құрылысы органы құрылыс объектiсiне бастапқы – рұқсат беру құжаттамасын дайындауды және мүдделi мемлекеттiк органдармен және пайдаланушы ұйымдармен келiсудi қамтамасыз етедi, аталған құжаттамада мыналар көрсетiледi:
жер учаскесiнiң орналасқан жерi;
ғимараттың, көлiк үшiн тұрақтардың және өзге де бөлiктердiң ауданын көрсетумен бөлiнген аумақтың ауданы;
түбегейлi жоспарлау және аумақ құрылысы мен iргелес учаскелерге дейiн арақашықтың жобаларына сәйкес учаскенiң жобалық шекарасы;
рұқсат берiлген жер учаскелерiн мақсатты пайдалану;
жер учаскелерiн инженерлiк, көлiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз ету;
жер учаскесiне құқық түрi, ауыртпашылықтар, сервитуттер.
66. Сәулет және қала құрылысы органы келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды алуға тапсырма алғаннан кейiн инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi жеткiзушiлерге құжаттарды қоса берумен техникалық шарттарды алуға сұраным жiбередi.
67. Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi жеткiзушiлер сұраным алған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде сәулет және қала құрылысы органына өлшемдер мен қосылу көрсетумен техникалық шарттарды не негiзделген беруден бас тартуды жiбередi.
68. Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi жеткiзушiлерден техникалық шарттарды алуды мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорын пайдаланумен сәулет және қала құрылысы органы жүзеге асырады.
69. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, объектiлердi жобалау үшiн сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды беруге арналған өтiнiштi қарау мерзiмi өтiнiш берген сәттен бастап сегiз жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
Тұрғын ғимараттың орын-жайын немесе бөлiктерiн өзгерту (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзiрлеуге бастапқы деректер мен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру үшiн сәулет және қала құрылысы органының өтiнiш берушiлер ұсынған құжаттарды қарау мерзiмi (немесе оларды беруден себептi бас тартуды) өтiнiш түскен сәттен бастап үш жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық шарттарды ресiмдеу және беру мерзiмдерi мынадай объектiлер бойынша өтiнiш берiлген сәттен бастап он бес жұмыс күнiн құрайды:
1) электр және жылу энергиясын өндiретiн өндiрiстiк кәсiпорындар;
2) тау-кен өндiру және байыту өндiрiстiк кәсiпорындары;
3) қара және түстi металлургия, машина жасау өнеркәсiбiнiң өндiрiстiк кәсiпорындары;
4) елдi мекендер мен аумақтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
5) елдi мекендердiң шекараларынан тыс орналасқан желiлiк құрылыстар:
оларға қызмет көрсету объектiлерiмен бiрге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
жоғары вольтты электр беру желiлерi және талшықты-оптикалық байланыс желiлерi;
оларға қызмет көрсету объектiлерiмен бiрге темiр жолдар;
көпiрлердi, көпiр өткелдерiн, тоннельдердi, көп деңгейлi айрықтарды қоса алғанда, республикалық желiге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары.
70. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы табиғи – ауа райлық, сейсмикалық және қала құрылысы жағдайын ескерумен түрлi мақсаттағы объектiлердi жобалау, сондай-ақ сәулеттiк шешiм, қасбеттер мен iшкi орын-жайларды, төбе төсемi мен шатыр орын-жайларын қазiргi заманғы құрылыс және әрлеу материалдарын қолданумен әрлеу, төбе жабындары мен объектiге жапсарлас аумақтан атмосфералық құбылыстардың су қашыртқы жүйесiн өндiру, көшелер мен аумақтың өту бөлiктерiнiң жабындысын төсеу, шағын сәулет нысандары, жарнама, тәулiктiң қараңғы уақытында жарықтандыру мен жарық түсiру жөнiндегi жалпы ұсынымдарды және Астана қаласына арналған қала құрылысы регламенттерiне сәйкес басқа да ережелердi қамтиды.
71. Жаңа объектiнi салу немесе қолданыстағыны қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, жаңғырту, қалпына келтiру) үшiн жер учаскесiн бөлу (қосып беру) талап етiлмеген жағдайда, сондай-ақ осы мақсаттар үшiн инженерлiк пен коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосымша қосылу немесе жүктеменi ұлғайту қажеттiлiгi болмаса, сәулет-жоспарлау тапсырмасында тиiстi жазба жасалады.
72. Жаңа құрылыс (қолданыстағы объектiнi өзгерту) жобасына сараптама жүргiзу қажеттiлiгi немесе қажеттiлiктiң болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтерге сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасында көрсетiледi.
73. Сәулет-жобалау тапсырмасы және техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында бекiтiлген құрылыстың нормативтiк ұзақтығының бүкiл мерзiмi iшiнде қолданылады.
74. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы заңсыз салынған немесе салынып жатқан объектiлерге қатысты берiлмейдi.
75. Берiлген сәулет-жоспарлау тапсырмасы белгiленген тәртiппен жобаны әзiрлеуге берiлген рұқсатты бiлдiредi.
76. Жаңа құрылыстың (қолданыстағы объектiнi өзгерту) жобасына сараптама жүргiзу қажет болса, мұндай сараптама “Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.

§2. Астана қаласының аумағында құрылыс объектiлерi
мен объектiлердi қайта жаңартуды жобалау

77. Жобалау құжаттамасын әзiрлеу осындай жұмыс түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындайды.
78. Жобалау құжаттамасында қауiптi (зиянды) табиғи және техногендiк, антропогендiк құбылыстар мен процестердiң әсерiнен тұрғындар, аумақтар мен елдi мекендер қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды орындау бойынша шаралар көрсетiлу тиiс.
79. Қолданыстағы (пайдаланудағы) объектiлерге енгiзiлетiн өзгерiстер жобасын әзiрлеушiлер жобалау құжаттамасында ғимараттың орын-жайларын немесе өзге де бөлiктерiн өзгерту жөнiндегi жұмыстар барысында да, өзгертiлген объектiнi кейiннен пайдалануда да басқа меншiк иелерiнiң мүддесiн қозғайтын жобалық шешiмдердiң бар болуы немесе жоқтығы туралы мәлiметтердi көрсету тиiс.
Егер орын-жайлардың (тұрғын үй бөлiктерiнiң) жоспарлы қайта жаңартылуы (қайта жоспарлануы, қайта жабдықталуы) немесе орын-жайлар шекарасын ауыстыру басқа меншiк иелерiнiң (қос меншiк иелерiнiң) мүдделерiн қозғаса, жобаға олардың осы өзгерiстерге нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмi қоса берiлуi тиiс.
Әзiрленген жоспар сәулет-жоспарлау тапсырмасының негiзгi талаптары мен ұсынымдарына сәйкес болуы тиiс. Жобалау әзiрлемелерi сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарынан ауытқыған жағдайда құрылыс салушы (тапсырыс берушi) жобаны сараптамаға бергенге дейiн (сараптама жүргiзу қажет болса) оларды сәулет және қала құрылысы органымен түпкiлiктi келiседi.
80. Астана қаласында объектiнi жобалау кезiнде ғимараттар мен орын-жайлардың сәулетiнде, сондай-ақ құрылыс жүргiзудi ұйымдастыруда мәдениет пен дәстүрлердiң ұлттық ерекшелiктерiн ескеру қажет.
81. Қалалық жасыл қорды құру, сақтау мен көбейту мақсатында объектiлердi жобалау мен салу кезiнде объектiнi салуға берiлген жер учаскесi ауданының кемiнде 20% аумақты көгалдандыруға қарастыру керек.
82. Құрылыс салушы (тапсырыс берушi) өз қаражаты есебiнен көтерген объектiлер бойынша жобаларды сараптауды аттестациядан өткен жеке тұлға (сарапшы) немесе мемлекеттiк сараптаманың ерекше құзыретiне жататын сараптамалық жұмыстардың құзыретiне жатпайтын сараптамалық жұмыстардың түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар аккредиттелген заңды тұлғалар (сараптама орталықтары) жүзеге асырады.
83. Мемлекеттiк инвестициялардың есебiнен немесе олардың қатысуымен көтерiлетiн объектiлер, сондай-ақ қауiптiлiгi ықтимал және техникалық күрделi объектiлер бойынша әзiрленген жобалар мемлекеттiк сараптамадан өтуге жатады.
84. Қала құрылысы тәртiбiн, жобалаудың тиiстi сапасын сақтау, Астана қаласының Бас жоспарын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнаманы және Астана қаласының аумағын қала құрылыстық игеру кезiнде мемлекеттiк нормативтердi iске асыруды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылыс салушы (тапсырыс берушi) жобалау құжаттамасын бекiткенге дейiн оның Астана қаласының Бас жоспарын әзiрлеушiлермен (авторлармен) қала құрылысы регламенттерi мен түбегейлi жоспарлау жобасының жоспарына сәйкес болу бөлiгiнде келiсiлуiн қамтамасыз етедi.
85. Құрылыс жобалары және басқа да жобалау құжаттамасы сараптаманың оң қорытындысымен және Астана қаласының Бас жоспарын әзiрлеушiлердiң (авторлардың) келiсiмен бiрге келiсу үшiн сәулет және қала құрылысы органына ұсынылады. Сәулет және қала құрылысы органы ұсынылған құжаттарды келiп түскен мезеттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде келiседi.
86. Жобаны сәулет және қала құрылысы органы келiскен (оң қорытынды) жағдайда жобаны құрылыс салушы (тапсырыс берушi) бекiтедi және құрылыс-монтаждау жұмыстарын (құрылыс) жүргiзуге рұқсат алу үшiн МСҚБО жiбередi.
87. Жоба құрылыс нормаларынан, сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптары мен ұсынымдарынан ауытқуы жағдайында жоба ескертулермен пысықтауға қайтарылады. Жобаны қайта қарау осы Қағидада және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
88. Көппәтерлi тұрғын үйлердi, iрi сауда және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезiнде қоса салынған, жапсарланған және/немесе жер асты гараждары мен автопаркингтердi қарастыру қажет.
89. Елдi мекендердi жобалау, тұрғын аудандарды қалыптастыру, қайта игерiлiп және қайта жаңартылып жатқан аумақтарды және басқа да елдi-мекендердi абаттандыру кезiнде тұрғын, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттарға, құрылыстар мен орын-жайларға мүгедектердiң қолжетiмдiлiгi қамтамасыз етiлуi тиiс. Тұрғын үй құрылыстары шегiнде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелерiнiң және еңбек ұсыну объектiлерiнiң жанында орналасқан жеңiл автокөлiктердi уақытша сақтау үшiн ашық тұрақтарды жобалау кезiнде мүгедектердiң жеке автокөлiк құралдары үшiн орын қарастырылуы тиiс.

§3. Жеке тұрғын үй (үй-жайлық) және шағын қабатты
құрылыстарын жобалау ерекшелiктерi

90. Жеке тұрғын (үй-жайлық) құрылыстарға үй-жайлық (коттедждiк) және қоршалған құрылыс жатады, онда әрбiр тұрғын үйдiң (пәтер) өз үй-жайлық жер учаскесi болады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беру нормалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгiленедi.
91. Жеке тұрғын үйдi жобалау мен салу сәулет-жоспарлау тапсырмасына, құрылыс нормаларына және осы Қағидаға сәйкес белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
92. Жеке шағын қабатты құрылыс ауданында:
1) әлеуметтiк-тұрмыстық маңызы бар объектiлердi орналастыру үшiн аумақ қалдырылу;
2) көше-жол желiсi мен инженерлiк инфрақұрылымды қарқынды салу жүзеге асырылу тиiс.
93. Инженерлiк жабдық орталық қалалық жүйелерге қосылуды да, жергiлiктi және орамдық дербес құрылыстарды жайғастыруды да көздеу тиiс.

§4. Астана қаласының аумағында инженерлiк желiлер
мен құрылыстарды жобалау ерекшелiктерi

94. Объектiлердiң қызмет етуiн қамтамасыз ететiн таратушы және алаңiшiлiк инженерлiк желiлердi, сондай-ақ ғимараттар мен орын-жайлардың желiлерiн жобалау ұзындығына қарамастан қаланың инженерлiк қызметтерiнiң техникалық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеусiз негiзде сәулет және қала құрылысы органы берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес құрылыс салушылардың (тапсырыс берушiлердiң) тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте, электрмен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, суық және ыстық сумен жабдықтаудың инженерлiк коммуникацияларын әрбiр пәтерге енгiзу қаланың инженерлiк қызметтерiнiң бекiту арматурасы мен есептеу құралдарына кедергiсiз қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үйдiң жалпы пайдалану орындарында қарастыру қажет.
95. Инженерлiк желiлер мен құрылыстарды жобалауды тиiстi лицензиясы бар жобалау ұйымдары немесе жеке тұлғалар сәулет және қала құрылысы органы берген трасса сызбаларының негiзiнде жүзеге асырылады.
96. Инженерлiк желiлер мен құрылыстардың жобалары барлық саты мен түрлерiнде координаттардың қалалық жүйесiндегi 1:500 масштабта, биiктiктiң Балттық жүйесiндегi толыққанды және түзетiлген топографиялық түсiрiлiмде (6 айдан артық емес мерзiмге жарамды) орындалу тиiс. Инженерлiк желiлер мен құрылыстардың әзiрленген жобалары мiндеттi түрде сараптамадан өтедi. Сараптамадан кейiн жоба сәулет және қала құрылысы органына келiсуге жiберiледi. Сәулет және қала құрылысы органының инженерлiк желiлер мен құрылыстардың жобалары келiп түскен мезеттен жетi жұмыс күнi iшiнде келiсiледi және бiр жыл iшiнде күшiнде болады. Инженерлiк құрылыстардың жобалары (сорғы, қосалқы станциялар және басқа да объектiлер) мiндеттi түрде мемлекеттiк сараптамадан өтедi. Iздестiру материалдары (техникалық есебi бар топографиялық түсiрiлiм) Астана қаласы сәулет және қала құрылысы органының арнайы бөлiмiне тапсырылады.
97. Инженерлiк желiлер мен құрылыстарды салу жұмыстарын жүргiзуге рұқсатты МСҚБО осы Қағидаға сәйкес сәулет және қала құрылысы органы келiскен және бекiткен жоба негiзiнде бередi.
98. Жобалау құжаттамасын әзiрлеу, магистралдық коммуникацияларды, инженерлiк инфрақұрылымның бас құрылыстарын салу, пайдалану мен кейiннен қайта өңдеу кезiнде, сондай-ақ аумақты инженерлiк дайындау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде iргелес аумақтардың мүдделерiн ескеретiн және аумақтар мен тұрғындарға қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестердiң әсер ету мүмкiндiгiн жоятын шешiмдер қабылдану тиiс.
99. Жобаланған инженерлiк желiлер мен құрылыстар Астана қаласының мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзiлуге жатады.

10-тарау. Тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды қайта
жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)

100. Қосымша жер учаскесiн бөлудi (аумақты қосып берудi) немесе оның нысаналы мақсатын өзгертудi талап ететiн ғимараттар мен тұрғын үйлердегi тұрғын және тұрғын емес орын-жайлары қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезiнде құрылыс салушы (тапсырыс берушi) белгiленген тәртiппен қосымша жер учаскесiн беру немесе оған меншiк (жер пайдалану) құқығында тиесiлi жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту үшiн Әкiмдiкке жүгiнедi және Әкiмдiк оң шешiм қабылдаған жағдайда тиiстi сәйкестендiру құжаттарын алады.
101. Қосымша жер учаскесiн бөлудi (аумақты қосып берудi) немесе оның нысаналы мақсатын өзгертудi талап етпейтiн ғимараттар мен тұрғын үйлердегi тұрғын және тұрғын емес орын-жайлары қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезiнде орын-жайдың меншiк иесi болып табылатын құрылыс салушы (тапсырыс берушi) сәулет және қала құрылысы органынан жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасын алады.
Жер учаскесiн бөлген (аумақты қосып берген) жағдайда орын-жайдың меншiк иесi болып табылатын құрылыс салушы (тапсырыс берушi) заңнамада белгiленген тәртiппен объектiнi пайдалануға қабылдағанға дейiн сәулет және қала құрылысы органына объектiнiң атқарушылық топографиялық түсiрiлiмiн орындауға тапсырыс бередi және оны қағаз және электронды жеткiзушiде ұсынады, аталған түсiрiлiм Астана қаласының мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзiлуге жатады.
102. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен қолданыстағы нормативтер бойынша әзiрленген жобалау құжаттамасы жоба бойынша сараптаманың қорытындысымен сәулет және қала құрылысы органының келiсуiне жатады.
103. Тұрғын ғимаратындағы тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды, сондай-ақ оның өзге де жекелеген бөлiктерiн өзгертуге мүдделi және Әкiмнiң тиiстi шешiмi бар тұлғалар тиiстi құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алу үшiн МСҚБО-ға өтiнiшпен жүгiнедi.
Өтiнiшке мыналар қоса берiледi:
1) қолданыстағы объектiлердi өзгертуге рұқсат алу үшiн өтiнiшке өтiнiштi қарайтын мемлекеттiк органның құжаттардың түпнұсқалылығын белгiлеуi үшiн түпнұсқаларды бере отырып, өтiнiш берушiнiң өзгертiлетiн объектiге меншiк құқығын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi не объектiнiң меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) белгiленген өзгерiс пен оның параметрлерiне нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмi қоса берiледi;
2) тиiстi жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындалған болжанып отырған өзгерiстер жобасы (нобайы).
104. Объектiнiң конструкциялары мен функционалдық (нысаналы) мақсатын өзгертусiз жер учаскесiнiң (аумақтың, тас жолының) қолданыстағы шекарасында жүзеге асырылатын пайдаланудағы тұрғын үй ғимараттарындағы орын-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алмаусыз Әкiмдiктiң тиiстi шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
105. Қолданыстағы орын-жайларды (ғимарат бөлiктерiн) өзгерту жөнiнде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беруден бас тарту:
1) өтiнiш берушiнiң өзгертiлетiн объектiге тиiстi меншiк құқығы не өтiнiште көрсетiлген ғимараттың орын-жайын немесе бөлiгiн өзгертуге меншiк иесiнiң (қос меншiк иесiнiң), сондай-ақ, аталған өзгерiстер мүдделерiн қозғайтын өзге де орын-жайлардың меншiк иелерiнiң нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмi болмау;
2) жобаланған өзгерiс орын-жайды нормативтiк құқықтық актiлермен немесе нормативтiк техникалық құжатармен тыйым салынған немесе шектелген қызмет түрлерi үшiн пайдалануды көздеу;
3) өзгерту жобасының техникалық талаптарға немесе мемлекеттiк нормативтердiң талаптарына сәйкес болмау жағдайларында өтiнiш берген сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
Дәлелдi бас тарту өтiнiш иесiне жазбаша түрде өтiнiш иесiнiң құжаттары сай келмейтiн нақты нормативтiк құқықтық актiлер және (немесе) нормативтiк техникалық құжаттар көрсетiлiп берiледi.
Өтiнiш берушi рұқсат беруден дәлелдi бас тартуға негiз болған кемшiлiктердi жойған кезiнде қайта берiлген өтiнiш жалпы негiзде қаралады.
106. Сәулет және қала құрылысы органы келiскен жобалау құжаттамасының және қайта жаңартудың (қайта жабдықтаудың, қайта жоспарлаудың) негiзгi өлшемдерiн бекiту негiзiнде МСҚБО өтiнiштi берген сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде заңнамада белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзуге рұқсат бередi.
107. Ғимараттар мен тұрғын үйлердегi тұрғын және тұрғын емес орын-жайларды қайта жаңарту (қайта жабдықтау, қайта жобалау) аяқталғаннан соң объект мемлекеттiк қабылдау комиссиясымен немесе қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылдауға жатады.
Объектi пайдалануға қабылданғаннан кейiн орын-жайдың меншiк иесi болып табылатын құрылыс салушы (өтiнiш иесi) сәулет және қала құрылысы органына объектiнiң мекен-жайына өзгерiс енгiзу үшiн сәйкестендiру және құқық куәландыратын құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.
108. Төмендегiлерге:
1) жалпы пайдаланымдағы және “қызыл сызық” шегiнен шығатын және инженерлiк желiлердi иелiктен шығару аймағындағы кондоминиумдардың жалпы үлестiк меншiк жерлерiнде кәсiпкерлiк объектiлерiне витриналары бар кiру топтарын;
2) жасыл екпелерге арналған учаскелерде орын-жайларды;
3) ауланың, орамiшiлiк аумақты қысқарту есебiнен құрылыстарды қосып салуға рұқсат берiлмейдi.
109. Автопаркингтердi автокөлiк құралдарын орналастыру мақсатында пайдаланбау үшiн қайта жаңартуға (қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға) жол берiлмейдi.

11-тарау. Құрылыс салу

§1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру

110. МСҚБО мынадай құрылыс-монтаждау жұмыстарының түрлерiн жүргiзуге рұқсат бередi:
1) жер жұмыстары және топырақтағы арнайы жұмыстар;
2) ғимараттар мен құрылыстардың (соның iшiнде көпiрлер, көлiк эстакадалары, тоннельдер мен метрополитен, жол өтпелерi, құбырлар, өзге де жасанды құрылыстар) негiзгi және (немесе) қоршау конструкцияларын салу;
3) желiлiк құрылыстарды салу жөнiндегi арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары;
4) сыртқы инженерлiк желiлер мен құрылыстарды, сондай-ақ iшкi инженерлiк желiлердi жайғастыру;
5) конструкциялар мен жабдықты қорғау және әрлеу жөнiндегi жұмыстар;
6) автомобиль және темiр жолдарын салу;
7) технологиялық жабдықты монтаждау (қайта құру), iске қосу жұмыстары;
8) қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзумен, уақытша инженерлiк желiлердi, жолдарды, қоймалық алаңшаларды жайғастырумен, сондай-ақ жердi құнарландыру мен құнарлы жер қабаттарын алумен байланысты дайындық жұмыстары.
111. МСҚБО-ның рұқсаты құрылыс-монтаждау жұмыстарын (құрылысты бастауға) жүргiзуге, тұрғын ғимараттардағы жекелеген орын-жайларды немесе жекелеген бөлiктердi қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ресiмделедi.
112. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алу үшiн құрылыс салушылар (тапсырыс берушiлер) МСҚБО-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгiленген нысандағы өтiнiш;
2) Әкiмдiктiң құрылыс жүргiзу үшiн жер учаскесiн беру туралы шешiмiнiң көшiрмесi;
3) жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы оң қорытындысының (бiр сатылы жобалау кезiндегi жұмыс жобасы бойынша, не болмаса екi сатылы жобалау кезiндегi жоба бойынша) көшiрмесi;
4) бас мердiгердiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру құқығына құрылыс-монтаждау жұмыстары түрлерiнiң тiзiмi бар мемлекеттiк лицензия көшiрмесi;
5) мемлекеттiк экологиялық сараптама оң қорытындысының көшiрмесi.
113. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) рұқсат:
1) объектiнiң қондырғысының және қызмет ету тағайындалуын өзгертпей, жер учаскесiнiң қолданыстағы шекарасында (аумағы, тас жол) жүзеге асырылатын объектiлердi қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, техникалық қайта жарақтандыру, күрделi жөндеу;
2) жол жабындарын және көшелердiң, алаңдардың, өту жолдарының, төселген тастарды күрделi жөндеу, кiшi сәулеттiк нысандарды, ашық сәндi бассейiндердi, су бұрқақтарын, қалалық рәсiмдеу құрылғыларын, ландшафтты сәулеттiк және көгалдандыру элементтерiн орнату мен жайғастыру;
3) уақытша мақсаттағы қосалқы және көмекшi құрылымдар салу жағдайларында талап етiлмейдi.
114. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын (құрылысты бастау) жүргiзуге рұқсат алу үшiн берiлген өтiнiштi қарау мерзiмi өтiнiштi берген сәттен бастап жетi жұмыс күнiн құрайды, мерзiмi өткеннен кейiн МСҚБО құрылыс-монтаждау жұмыстарын (құрылысты бастау) жүргiзуге рұқсат, не болмаса рұқсат беруден бас тарту себептерi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап бередi.
115. Астана қаласының Бас жоспарына немесе аудандық жоспарлау (Астана қаласын қала құрылыстық жоспарлаудың кешендi сызбасына) сәйкес орындалған, белгiленген тәртiппен бекiтiлген түбегейлi жоспарлау жобалары немесе құрылыс жүргiзу жобалары болмаған жағдайда құрылыс салуға рұқсат берiлмейдi.
116. Құрылыс салуға берiлген рұқсат жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамында бекiтiлген құрылыстың нормативтiк ұзақтығының барлық мерзiмiнiң iшiнде әрекет етедi. Егер объект нормативтiк ұзақтығының барлық мерзiмiнiң iшiнде аяқталмаса, онда құрылысты жалғастыру үшiн тапсырыс берушi (құрылыс салушы) жаңа рұқсат алуға мiндеттi. Құрылысты жалғастыру үшiн жаңа рұқсат беру осы Қағидада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
117. Құрылыс салуға берiлген рұқсаттың әрекетi тапсырыс берушiнiң немесе мердiгердiң (жұмыс мердiгерлiк тәсiлде болған жағдайда) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу лицензиясының әрекет ету мерзiмiмен шектеледi.
118. Рұқсат берiлген құрылыс-монтаждау жұмыстары құрылыс салушының (тапсырыс берушi) немесе мердiгердiң (жұмыс мердiгерлiк тәсiлде болған жағдайда) лицензиясына сай келуi тиiс.
119. Құрылыстың бастапқы тапсырыс берушiсiн (құрылыс салушы) немесе құрылысты жүргiзушi мердiгерлiк (бас мердiгер) ұйымды ауыстырған жағдайда бұрын берiлген рұқсат тапсырыс берушiнiң (құрылыс салушы) өтiнiшi бойынша қайта тiркелуге жатады. Мұндай өтiнiш өзгерiс өткiзiлген күннен бастап жиырма күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей рұқсат берген органға берiледi. Былай болмаған жағдайда берiлген рұқсат қайта тiркеуге өтiнiш берген аталған мерзiм өткеннен кейiн күшiн жояды.
120. Жобалау құжаттамасын өзгерiсi болжанған құрылыс объектiсiнiң мақсатты тағайындалуы өзгерген жағдайда құрылыс салуға берген рұқсаттың күшi жойылады.
121. МСҚБО белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген сәулет-жоспарлау құжаттамасы болмаған жағдайда құрылыс салуға рұқсат беруден бас тартады.
122. Құрылыс салуға рұқсаттың әрекетi жұмысты жүргiзу қағидаларын бұзу, бекiтiлген жобадан ауытқу және басқа да заңнама талаптарын бұзу анықталған жағдайда, оның iшiнде:
1) жер учаскесiн мақсатсыз пайдалану;
2) жобалау құжаттамасының рұқсат берiлген жер учаскесiнiң пайдаланылуына сәйкессiздiгi;
3) жобалау құжаттамаларының құрылыс нормалары мен ережелерiне, сондай-ақ табиғат қорғау, санитарлық және өртке қарсы нормаларға, жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы заңнама талаптарына сәйкессiздiгi;
4) орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкессiздiгi болған жағдайда тоқтатыла тұрады.
Сонымен қатар, құрылыс салушыға (тапсырыс берушi) жазбаша түрде хабарлама және тиiстi ұйғарым берiледi.
123. Орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрылыс салуға рұқсатқа, қала құрылысы регламенттерiне, мемлекеттiк стандарттар мен нормативтерге сәйкестiгiн бақылауды МСҚБО жүзеге асырады.
124. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру екi кезеңде жүзеге асырылады:
1) құрылыс салушының (тапсырыс берушiнiң) құрылыс аумағын дайындауы: құрылыс салудың Бас жоспарына сәйкес құрылыс алаңдары аумағын қоршау; объектiнiң негiзгi көрсеткiштерiн көрсете отырып, паспортын орнату; құрылыстарды бұзу (кейiннен қайта өңдеу) – техникалық шешiмдi ұсынумен; уақытша ғимараттар мен құрылыстарды орнату және оларды уақытша iшкiаудандық желiлерге қосу; уақытша iшкiаудандық және ауданнан тыс инженерлiк желiлердi төсеу; уақытша кiреберiс жолдарын, өтпе жолдары мен алаңдарды салу; автомобиль және арнайы көлiктiң дөңгелектерi мен шанақтарын жуу орындарын жабдықтау.
Бiрiншi кезең құрылыс аудандарының дайындығы жөнiндегi актiлермен ресiмделiп, оған Астана қаласы аудандарының әкiмдерi құратын қабылдау комиссиясының мүшелерi қол қояды;
2) құрылыс салушы (тапсырыс берушi) құрылыс аудандарының дайындығы жөнiндегi актiнi ұсынғаннан кейiн МСҚБО заңнамаға сәйкес құрылыс салуға рұқсат бередi.
125. Қасбет элементтерi мен түсiн өзгерту сәулет және қала құрылысы органымен мiндеттi келiсуге жатады.
126. Қолданыстағы тұрғын ғимараттардағы орын-жайларды қайта жаңарту, қайта жобалау, қайта жабдықтауға рұқсат беру рәсiмдерiн өту Қағидада көзделген ерекшелiктермен жүзеге асырылады.

§ 2. Құрылыс алаңдарын ұстау мен жүктi тасымалдауға
қойылатын талаптар

127. Құрылыс алаңы құрылыс жұмыстарын жүргiзуге рұқсат берiлгеннен бастап құрылыс салушының жүргiзуiнде болады.
Құрылыс алаңының шекарасы барлық мүдделi органдармен келiсiлген және құрылыс салушымен (тапсырыс берушiмен) бекiтiлген қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес әзiрленген құрылыстық бас жоспармен белгiленедi.
128. Құрылыс алаңы, онда орналасқан ғимараттар, уақытша құрылыстар мен орын-жайлар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, мемлекеттiк стандарттар мен нормативтерге, сондай-ақ Астана қаласының аумағында абаттандыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына сәйкес келуi тиiс.
129. Объектiлердi салу кезiнде қауiпсiздiктi, өмiр тiршiлiгiн қамтамасыз ету, қаланы абаттандыруда керi әсердi болдырмау, ластауға жол бермеу, ыңғайлы техникалық процесстi және құрылыс алаңдарының өлшемдерi бойынша құрылысты эстетикалық қабылдауды құру мақсатында екi метрден кем емес мырышпен қапталған боялмаған пiшiндерден қоршаулар орнатылады.
Сонымен бiрге атмосфералық ауада салынды заттармен (шаңдармен) ластануын болдырмау мақсатында салынып жатқан объектiнi шаңнан қорғайтын экранмен жабу түрiнде табиғи қорғау iс-шаралары орындалуда.
130. Құрылыс материалдары мен құрылыс қалдықтарын тасымалдау кезiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында көлiк құралының жүк бөлiгi өту бөлiгiнiң ластану апаттық жағдайдың туындауына жол бермейтiн тиiстi арнайы материалмен жабылуы тиiс.
131. Жүк тасымалы, көлiк қозғалысы құрылыс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

§3. Құрылыс объектiсiнiң паспорты

132. Тапсырыс берушiлер, мердiгерлер туралы (объект құрылысы мердiгерлiк тәсiлмен болған жағдайда), жобалардың авторлары, құрылыс үрдiсiн авторлық қадағалау және технологиялық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын тұлғалар, жүргiзiлiп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы мәлiмет, авторлық қадағалау, технологиялық қамтамасыз ету нәтижелерi туралы ақпарат Сәулеттiк, қала құрылысы және құрылыс қызметi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бойынша жүргiзiлiп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарына, өндiрiстiк, коммуналдық, тұрғын үй мәнiндегi (үш және одан астам қабаттар) құрылыс объектiлерiндегi мемлекеттiк нормативтер мен стандарттарға сәйкес Құрылыс паспорттарында жазылады.
133. Құрылыс паспорттарының нысаны елорданың қала құрылысы кеңесiмен бекiтiледi. Құрылыс паспортының мазмұны, тiркеу тәртiбi, жүргiзiлуi, ресiмделуi мен сақталуы мемлекеттiк сәулет құрылыс бақылау органымен белгiленедi.

§4. Құрылысы аяқталған объектiлердi қабылдау

134. Объектiлер мен кешендердi, олардың құрылысы аяқталғаннан кейiн пайдалануға қабылдау, қайта жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау, қайта өңдеу мен күрделi жөндеу Сәулеттiк, қала құрылысы және құрылыс қызметi жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
135. Объектiлердi пайдалануға қабылдауды объектi толық дайын болған кезде мемлекеттiк қабылдау немесе қабылдау комиссиясы жүргiзедi.
136. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясын құру үшiн құрылыс салушы (тапсырыс берушi) құрылысы аяқталған объектiнi қабылдау актiсiн ресiмдеу үшiн Әкiмдiкке жүгiнедi. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамын Әкiмдiк бекiтедi. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жетекшiлiк ететiн Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары мемлекеттiк қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады. Астана қаласы сәулет және қала құрылысы органының басшысы мен Астана қаласы МСҚБО басшысы мемлекеттiк қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары болып табылады.
137. Объектiнiң толық дайын болуына iшi қапталмаған, сырланбаған, түсқағаз жапсырылмаған, егер құрылыс жобасында көзделген жағдайларда таза еден салынған, санитарлық-техникалық жабдық пен құрылғылар, тұрмыстық маңыздағы электртехникалық құралдар, газ және электр ас үй плиталары, пәтерiшiлiк есiк блоктары орнатылған тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар жатады.
Бұл ретте объектi бойынша сыртқы әрлеу жұмысы, сондай-ақ жалпы қолдануға арналған орын-жайларда (ғимараттың кейбiр бөлiктерiнде) iшкi әрлеу жұмыстары толық көлемде орындалуы тиiс.
Мемлекеттiк қабылдау немесе қабылдау комиссиясы мұндай объектiлердi барлық жоғарыда көрсетiлген жұмыстар аяқталғаннан кейiн пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады.
Абаттандыру жөнiндегi жұмыстарды қоса алғанда, жылдың суық уақытында белгiленген жұмыс түрлерiн аяқтау мүмкiн болмаса, мердiгермен мен тапсырыс берушi қабылдау комиссиясына олардың толық аяқталуы мерзiмiмен жұмыс түрi мен көлемiн көрсетумен кепiлдiк хатын ұсынады. Қабылдау комиссиясының актiсiнде толық көлемде оларды аяқтаудың нақты мерзiмдерiмен осындай аяқталмаған жұмыстардың түрлерi мен көлемi көрсетiледi.
138. Егер салынған объектiлердi пайдалануға қабылдауды мемлекеттiк қабылдау комиссиясы жүзеге асыратын жағдайда, тапсырыс берушi болып жұмыс комиссиясы тағайындалады.
139. Жұмыс комиссиясының өкiлеттiгi және мiндеттi құрамы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.
140. Объектiлер мен кешендердi пайдалануға қабылдау жұмыс комиссиясының ескертулерiн жойғаннан кейiн жүзеге асырылады және белгiленген тәртiпте бекiтiлген мемлекеттiк қабылдау комиссиясының актiлерiмен ресiмделедi.
Құрылыс салушы (тапсырыс берушi) мемлекеттiк қабылдау комиссиясының барлық мүшелерi қолын қойған актiлердi, қала құрылысы кеңесi немесе қаланың бас сәулетшiсi бекiткен нобайлық жобаны, салынған объектiнiң қасбеттерi мен абаттандыру аумағы бойынша фотоматериалдарды, көрсетiлген инженерлiк коммуникациялармен 1:500 масштабтағы атқарушылық топографиялық түсiрiлiмдi қаланың бас сәулетшiсiне қол қоюға ұсынады.
141. Астана қаласы сәулет және қала құрылысы органының басшысы кейiннен қабылдау актiсiн Астана қаласының МСҚБО-ға жiберумен салынған объект бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес болса, оған қол қояды.
142. Астана қаласының МСҚБО басшысы кейiннен қабылдау актiсiн комиссия төрағасына бекiтуге және Әкiмдiк қаулысын дайындауға, сондай-ақ оны статистика органдарында тiркеуге жiберумен салынған объект сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнаманың, мемлекеттiк нормативтердiң және заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген сәулет, қала құрылысы мен құрылыс және өзге де жобалық құжаттаманың нормаларына және құрылыс объектiлерiнiң қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптар мен нормаларға сәйкес болса, оған қол қояды.
143. Белгiленген тәртiппен бекiтiлген салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықты тiркеу үшiн негiз болып табылады.
144. Объектiлердi пайдаланудың кепiлденген мерзiмдерi азаматтық заңнамаға сәйкес белгiленедi.

12–тарау. Жеке тұрғын үй (үй-жайлық) құрылысы

§1. Жеке тұрғын үй салу

145. Жеке тұрғын үй салу бойынша құрылыс салушының (тапсырыс берушiнiң) iс-әрекетi мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер учаскесiн беру туралы немесе оған меншiк немесе жер пайдалану құқығында тиесiлi жер учаскесiнде құрылыс жүргiзуге рұқсат беру туралы Әкiмдiкке жазбаша өтiнiш бiлдiредi;
2) жер учаскесiне құқық беретiн және сәйкестендiру құжаттарын ресiмдейдi және оларды тiркеу органдарында тiркейдi;
3) сәулет және қала құрылысы органынан жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды алады;
4) сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес нобайлық жоба мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлейдi;
5) МСҚБО-ға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру туралы өтiнiш бiлдiредi;
6) жеке тұрғын үйдiң құрылысы аяқталғаннан кейiн (объект пайдалануға қабылданғанға дейiн) құрылыс объектiсi мен инженерлiк желiлердiң атқарушылық топографиялық түсiрiлiмiн орындайды;
7) салынған объектiнi пайдалануға қабылдау үшiн қабылдау комиссиясына ұсынады;
8) қайта салынған жылжымайтын мүлiк объектiсiн тiркеу органдарында тiркейдi.
Құрылыс салушы (тапсырыс берушi) жеке тұрғын үй құрылысын инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы аяқталғаннан кейiн ғана пайдалануға енгiзуге құқылы.
147. Инженерлiк және коммуникациялық инфрақұрылымды салу құрылыс салушының (тапсырыс берушiнiң) қаражаты есебiнен еркiн негiзде жүзеге асырылуы мүмкiн, бұл ретте құрылыс салушының (тапсырыс берушiнiң) қаражаты есебiнен жүзеге асырылып жатқан инженерлiк және коммуникациялық инфрақұрылым объектiсiн салу жобасын сәулет және қала құрылысы органы келiсу тиiс.
148. Жеке тұрғын үй құрылысы кезiнде жапсарлас аумақтарда тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ыңғайлы технологиялық процесстi және құрылыс аудандарының эстетикалық жағынан қабылдау мақсатында құрылыс салушы (тапсырыс берушi) жер учаскесiн қоршайды және Астана қаласының аумағын абаттандыру, санитарлық күтiп ұстау, тазалауды ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету ережесiне сәйкес өзге де iс-шараларды жүзеге асырады.
149. Топографиялық пен атқарушылық түсiрiлiм сәулет және қала құрылысы органына ұсынуға жатады.

§2. Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйдi қабылдау

150. Қайта салынған жеке тұрғын үйлердiң барлық құрылыс – монтаждау, абаттандыру және жер учаскесiн қоршау жұмыстары аяқталғаннан кейiн жобаға сәйкес қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдайды.
151. Пайдалануға қабылдау актiсiн ресiмдегенге дейiн МСҚБО атқарушылық түсiрiлiмнiң нақтылығын және салынған мүлiк объектiсiнiң жобаға сәйкес болуын тексередi.
152. Жеке тұрғын үйдi қабылдауды қабылдау комиссиясының актiлерiмен ресiмделедi.
153. Қабылдау комиссиясының актiсi тапсырыс берушiнiң жеке тұрғын үйге жеке меншiк құқығын тiркеу үшiн негiз болады.

13-тарау. Уақытша құрылысты орналастыру

§1. Тұрғындарға тиесiлi көлiк құралдарын сақтау мен
оларға қызмет көрсету үшiн құрылыстарды орналастыру

154. Елорда аумағында автопаркингтердi, гараждар мен автотұрақтарды жобалау мен салу бас жоспарға, қала құрылысы регламенттерi мен құрылыс нормаларын және ережелердi, экологиялық, санитарлық және өртке қарсы талаптарды сақтай отырып, осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Гараждарды, автотұрақтарды заңсыз салуға, сондай-ақ қолданыстағы автотұрақтарға қалқалар орналастыруға жол берiлмейдi.
155. Тұрғылықты жерi бойынша уақытша металлдан салынған гараждарды орнатуға және қолдануға Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен медициналық-әлеуметтiк сараптаманың расталған (МӘС) анықтамасы (қорытындысы) бар тiрек-қозғалысы жүйелерi зақымданған мүгедектердiң ғана құқығы бар.
156. Гараждарды жобалау үшiн жер учаскелерiн таңдау Астана қаласының Бас жоспары мен қала құрылысы регламенттерiне сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
157. Стационарлық авто жанар-жағар май құю (САЖҚ) және техникалық қызмет көрсету станциясы (ТҚС) ыңғайлы көлiк кiреберiстерi ұйымдастырылған жалпы қалалық магистральдарда арнайы бөлiнген аудандарда және бекiтiлген нормативтерге сәйкес орналастырылуы тиiс.
158. САЖҚ және ТҚС орталық жалпы қалалық магистральдарда, халықтың жаппай жүретiн объектiлерiнде, өзендер мен сулы жерлерде салуға жол берiлмейдi.
159. Бiр ауданда нормативтерге сәйкес ТҚС, САЖҚ, автомобильдер жуу пункттерi мен қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн қосуға болады.

§2. Сауда объектiлерiн орналастыру

160. Эстетикалық сәулет келбетiн сақтау және көшелердi тиiстi санитарлық жай-күйде күтiп ұстау мақсатында уақытша объектiлердi орнату Астана қаласының аумағында уақытша сауда объектiлерiн орналастырудың 2010-2013 жылдарға арналған (1-қосымша) сызбасына және Астана қаласының аумағында уақытша сауда объектiлерiн кезең-кезеңмен шығару сызбасына (2-қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.
161. Қолданыстағы сауда объектiлерi оларды бұзу немесе басқа учаскеге көшiру жөнiнде негiзделген ескерту берiлгенге дейiн жұмыс iстей алады.
162. Сауда объектiлерi орналасқан жер учаскелерi сауда объектiлерiнiң иелерiмен уақытша жер пайдалану құқығында пайдаланылады.
163. Жалпы пайдалану жерлерiнен жер учаскелерi жалпы қолданыс үшiн шығын келтiрмейтiн жеңiлдетiлген түрдегi (сауда шатырлары, дүңгiршектер, жарнамалық орын-жайлар және басқа да сервис объектiлерi) орын-жайларды орналастыру үшiн азаматтарға және жеке тұлғаларға жердi уақытша пайдалануға берiлуi тиiс. Бұл ретте жалпы қолданыстағы жерлердiң құрамынан учаскелердi беру, сонымен бiрге жолдардың бойында (көшелер, өту жолдары) Астана қаласы көшелерiнiң бөлiнген желектерiнде орналасқан ақылы автотұрақтарды қоспағанда, базарлар, ақылы автотұрақтарды орналастыруға жол берiлмейдi.

§3. Мұздан жасалған құрылыстар

164. Мұздан жасалған құрылыстар мұз қалашығының ең үздiк құрылымына алдын ала жарияланған конкурс бойынша жобасыз салынады.
165. Мұз қалашығы әкiмнiң шешiмiмен қалалық алаңдарда қала құрылысы кеңесiмен бекiтiлген нобайлық жоба бойынша салыну мүмкiн. Қажет болған жағдайда тапсырылған тақырып бойынша мұздан жасалған қалашық жобасына ашық конкурс жариялануы мүмкiн.
166. Мұз қалашығын көркемдiк салуда дағдысы бар, мұздан жасалатын құрылыстарды салуға арналған конкурсты жеңiп алған заңды тұлғалар (мамандандырылған заңды тұлғалар және т.б.):
1) мұздан салынған қалашықты пайдалану және мұздан салынған құрылысты қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша кепiлдiк мiндеттемелердi ұсыну;
2) мұздан салынып жатқан құрылысты бекiтiлген нобайлық жобаға сәйкес келуiн қамтамасыз ету;
3) ауа райының тез жылынып кетуiне байланысты, келушiлер үшiн мұздан салынған қалашық жабылуы тиiс және оларды қайта монтаждау мүмкiн болған жағдайды қоспағанда, мұздан салынған қалашықты пайдаланған кезде оның мықтылығын және орнықтылығын қамтамасыз ету;
4) мұздан салынған құрылыстың бетiн құдықсыз және металлдан жасалған құрылғыларсыз тегiстеудi қамтамасыз ету тиiс.
167. Мұздан салынған құрылысты пайдалану мерзiмi оның қысымдық режимiне және ауа райы жағдайына, сондай-ақ мұздан салынған құрылыстың жағдайына байланысты 2,5 – 3 ай.
168. Пайдалануды аяқтау, әзiрлеу және мұздан салынған құрылысты шығару уақыты әкiмдiктiң келiсiмi бойынша пайдаланушы ұйыммен белгiленедi және белгiленген тәртiппен актiмен ресiмделедi.
169. Конкурс бойынша мұздан салынатын қалашықты салған кезде оны пайдаланумен коммуналдық қызметтер айналысады.
170. Бекiтiлген нобайлық жоба бойынша мұздан қалашық салынатын кезде уақытша пайдалануға қабылдауды Астана қаласының мемлекеттiк қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Қалған жағдайларда мұздан салынған қалашықты пайдалануды пайдаланушы ұйым уақытша пайдалану үшiн теңгерiмiне қабылдау актiсiмен жүзеге асырылады.

14-тарау. Инженерлiк желiлердi және құрылыстарды жөндеу
мен салуға, шағын сәулет нысандарын және қалалық ресiмдеу мен
абаттандырудың басқа да бөлiктерiн орнатуға байланысты қала
аумағының жерлерiн қазу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу тәртiбi

171. Жол жабындыларын, тротуарларды, гүлзарлар мен басқа да объектiлердi, қалалық шаруашылық элементтерiн бұзумен қалалық аумақтарды ашу МСҚБО жұмыстарды жүргiзуге берiлген рұқсатының негiзiнде жүзеге асырылады.
712. Жол жабындыларын ашу, жалпы пайдаланымдағы көшелердi, аудандар мен басқа да орындарды қазу бойынша жұмыстар мүдделi қызметтермен келiсiмдер бар болған жағдайда жүргiзiледi.
173. Жұмыстарды жүргiзуге рұқсат алу үшiн МСҚБО мынадай құжаттар ұсынылады:
1) өтiнiш берушi және/немесе мердiгер туралы ақпараты бар белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
2) қосымшасымен сұратылған жұмыс түрлерiн жүргiзуге арналған лицензия көшiрмесi;
3) бұзылатын абаттандыруды қайта қалпына келтiруге кепiлдеме хаты;
4) жұмыс жүргiзу бойынша келiсiлген жоба (жаңа құрылыс кезiнде), учаскенiң топографиялық түсiрiлiмi (инженерлiк желiлерге жөндеу жұмыстарын жүргiзген кезде);
5) жұмыс жүргiзу кестесi;
6) егер жұмыс аймағында жасыл екпелердiң сақталуын қамтамасыз ету мүмкiн болмаса, оларды қазып алуға, басқа жерге отырғызуға рұқсат;
7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi бақылайтын аймақ шегiнде жұмыс жүргiзу кезiнде оның рұқсаты;
8) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзуге рұқсат (жаңа инженерлiк желiлер мен құрылыс салу кезiнде).
174. Жұмыс өндiрiсiне рұқсат алу үшiн өтiнiштердi қарау өтiнiштердi тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде болады, мерзiмi өтуi бойынша МСҚБО жұмыс өндiрiсiне рұқсат бередi немесе рұқсат беруден бас тарту себебi туралы жазбаша түрде дәлел келтiрiлген хат бередi.
175. Қалпына келтiру жұмыстары тоқтатылмайтын өндiрiсiн, жол жабындыларын ашу, көшелердi, аудандар мен жалпы қолданыстағы басқа да орындардың қазуды талап ететiн инженерлiк желiлерде апаттар болған жағдайда рұқсатты ресiмдеусiз, бiрақ мүдделi қызметтер мен МСҚБО-ға тез арада (24 сағат iшiнде) хабар беру кейiннен оны ресiмдеуге болады.
176. Сақтанудың және инженерлiк желiлер мен құрылыстың бұзылуын алдын алудың қажеттi шараларын қабылдау үшiн жұмыс өндiрiсiне рұқсат алған тұлға МСҚБО-ға жұмыстың басталуына дейiн қырық сегiз сағаттан кешiктiрмей:
а) алдағы жүргiзiлетiн жұмыстар орнына пайдаланушы ұйымның өкiлдерiн шақырады;
б) олармен бiрге қолданыстағы желiлер мен құрылыстың нақты орналасуын белгiлейдi;
в) олардың толық сақталуына шаралар қабылдайды.
Пайдаланушы ұйымның басшылары жұмыс өндiрiсi орнына өздерiнiң өкiлдерiнiң келуiн қамтамасыз етедi және жұмыс өндiрiсi кезiнде өздерiне тиесiлi желiлер мен құрылыстың сақталуын қамтамасыз етудiң жеткiлiктi жазбаша түрде шарттар бередi. Пайдаланушы ұйымның басшылары байланыс желiлерiн, электр кабельдерiн, басқа да инженерлiк желiлердi өткiзу орындары мен жұмыстар жүргiзiлетiн учаскелердегi күзетiлетiн аймақтарды көрсетедi, онда сұлбада көрсетiлген, аталған өкiлдермен және рұқсат алғандармен қол қойылған сигналдар мен ленталар нақты көрсетiлген.
177. Рұқсат алушы жұмыс өндiрiсiнде құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын бастағанға дейiн мыналарды орындайды:
1) қоршау қазудың жоспарланған шекаралары бойынша және белгiленген үлгiдегi белгiлердi орнатуға дайындайды;
2) көлiк қозғалысы орындарында (мүмкiн болған жағдайда) тиiстi қоршаулар мен жол жүру белгiлерiн орнатумен көлiк қозғалысы үшiн өтпе жолдар дайындайды;
3) жаяу жүргiншiлер қозғалысы орындарында сiлтемелер көрсетiлген жаяу жүргiншiлерге арналған көпiршiктер дайындайды және түнгi уақытта қазылған учаскелерде жарықтандыруды қамтамасыз етедi;
4) механизм жұмыстарының аймағында жасыл екпелер бар болса, олардың сақталуын кепiлдендiретiн және құбырлар мен құдықтарға қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн жабық қалқандармен қоршайды;
5) инженерлiк желiлердiң сақталуын және арық желiлерi мен нөсер кәрiздерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету бойынша шара қабылдайды.
178. Өту жолдарын тиiстi белгiлермен жабылуын талап ететiн қазу кезiнде айналып өту нақты көрсетiледi. Автокөлiк бағдарларын өзгерту қажет болған жағдайда тапсырыс берушi азаматтарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлаумен, оларды Астана қаласының мүдделi қызметтерi және жол полициясымен келiседi.
179. Жетiлдiрiлген жабындысы, жасыл екпелерi бар көшелер мен алаңдардағы жерасты құрылысын төсеу және қайта орнату, мүмкiндiгiнше жабындылар мен жасыл екпелердi бұзып алмай жабық тәсiлмен (“тесу” көлденең бұрғылау әдiсiмен) жүргiзiледi.
Орамiшiлiк абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргiзу жоспарланған жерлерде орам iштерiнде, абаттандырылған көшелер мен аудандарда, сондай-ақ қайта жаңарту және күрделi жөндеу кезiнде төсемнiң ашық тәсiлi қолданылады.
Траншеяларда жұмыс жүргiзу жол төсемдерiн барынша сақталуын кепiлдендiретiн алдын ала дайындықтан кейiн жүргiзiледi.
180. Жұмыстарды орындау орнына материалдарды жеткiзу жұмыс басталғанға дейiн жиырма төрт сағат iшiнде жүргiзiледi. Материалдарды орналастыру орны қолданыстағы құрылыстың, абаттандыру элементтерiнiң бұзылуы мен аумақтың ластануын жою, көлiк қозғалысы мен жаяу жүргiншiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету есебiмен белгiленедi.
181. Көшелерде, аудандар мен басқа да абаттандырылған аумақтарда жер асты коммуникацияларын өткiзу үшiн транштар мен шұңқырларды қазу мынадай шарттарды сақтай отырып, жүргiзiледi:
1) жұмыстар жұмыс өндiрiсi жобасына сәйкес шағын учаскелерде орындалады;
2) келесi учаскедегi жұмыстар, қалпына келтiру жұмыстары мен аумақты тазалау жұмыстарын қоса алғанда алдағы жұмыстардың барлығы аяқталғаннан кейiн басталады;
3) траншеялар мен жерден қазылып алынған қатты жабындылар мен топырақтар тезарада жұмыс орнынан шығарылып тасталады;
4) уақытша пайдаланымдағы және жапсарлас аумақ қанағаттанарлық жағдайда болады, сондай-ақ жұмыс өндiрiсi учаскесiнде (құрылыс алаңдарынан) ластануды болдырмау және таратпау жөнiндегi iс-шаралар көзделуде;
5) iшкiалаңдық, кiреберiс жолдары мен шығу жолдарын жайластыру, сырттан келетiн көлiкке шектеу қою немесе жолдарды жабу (ЖПБ, IIД келiсе отырып), дөңгелектер жуатын пункттердi жабдықтау көзделуде;
6) жасыл екпелер, жер асты құдықтарының қақпақтары, су ағатын торлар мен жинақтағыштар топырақпен немесе құрылыс материалдарымен жабылып тасталмайды;
7) траншеяларды қайта жабу құмды топырақпен, ұсақталған тас кесектердi себумен немесе басқа да цементтiк қасиеттерi бар аз қысылатын материалдармен жүргiзiледi;
8) жабындылардың енi кемiнде 7 метр, көшелердiң өту бөлiгiнде қазылған орындардағы жабындыларды қалпына келтiру, сондай-ақ жол төсемдерiнiң 50 және одан астам пайызын жабындының енiне байланысты емес ашу кезiнде жұмыс өту бөлiгiнiң жалпы енi бойынша орындалады, ал жабындының енi 7 метрден асса жабындыны қалпына келтiру транш бойынша және құрылыс механизмдерi жұмысының аймағында орындалады;
9) енi кемiнде 3 метр тас жолдарды қазған кезде, сондай-ақ енiне байланысты емес 50 және одан астам пайызды қазған кезде жабындыны қайта қалпына келтiру тротуардың жалпы енi бойынша және құрылыс механизмдерi жұмысының аймағында жүзеге асырылады;
10) егер де жердi қазған кезде жобада көрсетiлмеген жер асты коммуникациялар шығып қалса, онда рұқсат алушы аталған коммуникация тиесiлi кәсiпорын өкiлдерiн, жеке тұлғаларды, сәулеттiк орган өкiлiн шақырады;
Аталған коммуникация тиесiлi кәсiпорын басшылары, жеке тұлғалар рұқсат алушының шақыруы бойынша пайдаланушы кәсiпорын өкiлдерiн жұмыстарды орындауға орынға жiбередi.
182. Рұқсат алушы қалпына келтiрiлген учаскенi:
- көше-жол желiсiнiң учаскелерiн қазу кезiнде – МСҚБО-ға;
- қалалық аумақты қазған кезде – Астана қаласы аудандары әкiмдiктерiнiң жауапты мамандарына ұсынады.
183. Егер инженерлiк желiлердi төсеу орындарында қатты жабындылардың бұзылуы пайда болған жағдайда рұқсат алушы жұмыс өндiрiсiне екi жыл iшiнде бұзылған орындарды жөндейдi және асфальт бетондық жабындыларды қайта қалпына келтiредi.
184. Инженерлiк желiлердi жөндеу және инженерлiк құрылыс салынуының аяқталуы бойынша, бiрақ соңғы топырақпен жапқанға дейiн құрылыс салушы (тапсырыс берушi) немесе құрылыс мекемесi мекеменiң күшiмен М1:500 атқарушылық топографиялық түсiрiлiмiн егер де тиiстi жұмысты жүргiзу құқығына лицензиясы бар болса, орындалуын қамтамасыз етуi тиiс, оның бiр данасы сәулет және қала құрылысы органына ұсынылады.
Люктерi және құдықтары бар коммуникацияның атқарушылық түсiрiлiмi (бұрылу бұрыштарынсыз тiкелей учаскелерде), траншеялар себiлгеннен және сыртқы абаттандыру элементтерi толық қалпына келтiрiлгеннен кейiн жүргiзiлуi тиiс.
185. Барлық инженерлiк желiлер мен олардың құрылысының, оның iшiнде аумақты абаттандырудың атқарушылық түсiрiлiмi бiр данада сәулет және қала құрылысы органына ұсынылады және Астана қаласының мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзуге жатады. Атқарушылық сызба инженерлiк желiнiң немесе құрылыстың паспорты болып табылады және салынып жатқан объектiнiң инструменталдық геодезиялық түсiрiлiмi негiзiнде орындалған жоспары мен бөлiгi болып танылады.
186. МСҚБО мен жол полициясының рұқсатында көрсетiлген шарттар бұзылған жағдайда басталған жұмысты тоқтатуға, жiберiлген бұзушылықты жоюды талап етуге, мүдделi қызметтерге белгiленген тәртiпте келтiрiлген шығындарды өндiру бойынша жұмыс жүргiзу үшiн ақпарат ұсынуға, бұзған тұлғаларға заңнамаға сәйкес шара қолдануға құқылы.
187. Құдықтардың, жылы камералардың, көшелердегi және елорданың орамiшiлiк аумақтарындағы люктердiң жағдайына жауапкершiлiктi заңнамаға сәйкес пайдаланушы ұйым немесе жүргiзуiнде аталған инженерлiк желi бар ведомство алады.
188. Сәулет және қала құрылысы органында тiркелген және мемлекеттiк немесе қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылданған жобадан ауытқып кеткен жер асты инженерлiк желiлер пайда болған кезде, мұндай желi, желiнi пайдалануға қабылдаған тұлға есебiнен қайта өткiзуге жатады.

15-тарау. Инженерлiк желiлердегi апаттарды жою
жөнiндегi қалпына келтiру жұмыстары

189. Өндiрiстiң тоқтап қалуына себеп болған инженерлiк желiлер мен құрылыстар бұзылған кезде, пайдалануында осы құрылыстары бар мекеменiң басшылары мен уәкiлеттi өкiлдерi апат туралы дабыл алғаннан кейiн мынадай iс-шаралар жүргiзедi:
1) бұзылып қалған желiлердi өшiрiп және қайта қосу үшiн жауапты тұлғалар жетекшiлiгiмен апаттық бригадаларды жедел шақырады;
2) МСҚБО-ға, абаттандыру қызметiне, жол полициясына, өртке қарсы қызметке, сондай-ақ апат болған орында шектес жер асты шаруашылығы бар басқа да ұйымдарға апат жөнiнде хабарлайды. Ал қоршаған ортаға шығын келтiрген жағдайда жоғарыда көрсетiлген ұйымнан басқа қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орган, ал апат су құбырларында және/немесе кәрiздiк желiлерде болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет хабардар етiледi.
Егер үлкен апат түнгi уақытта болса, телефонограмма апаттың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөнiндегi органға, апатты жою жөнiндегi ұйымның iс-әрекетiн үйлестiру үшiн әкiмдiктiң тиiстi қызметiне жiберiледi.
190. Апатты жою бойынша жұмыстар өтпе жолдардың жабылуын талап еткен жағдайда, жол полициясы органы өтпе жолдарды уақытша жабу және айналып өту бағдарларын, сондай-ақ бұзылған желiлердiң иелерiмен бұзылуды жою мерзiмiн белгiлеу туралы мәселенi шешу жөнiнде шара қабылдайды.
191. Апаттық салдарды жою жөнiндегi жұмыстар инженерлiк желiлер мен құрылыстың бұзылуына жол берген ұйымға жүктеледi. Апаттық салдарды жою жөнiндегi жұмыс өндiрiсiнiң барлық жағдайларында жұмысты жүргiзiп жатқан ұйым жұмысты тоқтатпай, мемлекеттiк сәулеттiк құрылысты бақылау органынан жұмыс өндiрiсiне рұқсат алуға мiндеттi.
192. Егер жер асты құрылыстары жарамсыз болып және жарамдылығын ауыстыруға қолдануға болатын басқа да құрылыс бар болса, жарамсыз болған құрылыс пайдаланудан шығарылып тасталады.
193. Қолданылмайтын құрылысты жою және қазылған жерлердегi жабындыларды қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстар мемлекеттiк сәулеттiк құрылысты бақылау органынан рұқсат алынғаннан кейiн жүргiзiледi.

3-бөлiм. Астана қаласында сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметiнiң жүзеге асырылуын бақылау

194. Сәулеттiк, қала құрылыстық және құрылыстық қызметтiң жүзеге асырылуын бақылау Бас жоспарға және өзге де бекiтiлген қала құрылыстық құжаттамаларға, сондай-ақ осы Қағидаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
195. Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
196. Тексерiс “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге нысандары заңнамалық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.

4-бөлiм. Астана қаласының аумағында құрылыс салу
қағидасының талаптарын бұзу үшiн жауапкершiлiк

197. Осы Қағиданы бұзуға жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.