АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА(ағылшындық әдіс бойынша)

Астана қаласының әкімдігі Бейбітшілік көшесі 11, мекенжайында, 1- қабат, 103-бөлмеде2017жылдың 27 желтоқсанында қазанда сағат15:00де

өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу және уақытша объектілерді орналастыру үшін

жер учаскелерінің жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді

Аукционда сату үшін ұсынылып отырған жер учаскелерінің тізілімі:

Скачать весь документ

Аукционды өткізушарттары: аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайдыжәне басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы:аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, “Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы” ММ-мен Астана қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны50%мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күнненкешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарнаның сомасынан 5% құрайды, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.«Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы»ММ-нің есептік шотына ақшасыз жолмен төмендегі деректемелер бойынша аударылады:ЖСКKZ740705023980001001″ҚР Қаржы министірлігі Қазынашылық комитеті”ММ, БСКKKMFKZ2A, БСН 141240027811, Кбе 12, ТБК 171.

Ескерту:Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

 Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжаттыбереді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.

Сауда-саттыққа қатысуға өтініштер ақпараттық хабарламаны жариялаған күннен бастап төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 106-бөлме және 2017 жылдың26 желтоқсанында сағат 15:00-де аяқталады.

Аукцион қатысушыларын тіркеу (қатысуға билеті болған жағдайда) аукционның басталуына,Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі,11,1 қабат, 103-бөлмедемекенжайы бойынша 2017 жылдың27 желтоқсанында сағат 14:30-ден бастап жүргізілетін болады.

2017 жылдың14желтоқсанда, Бейбітшілік көшесі 11 үй мекенжайында орналасқан әкімдіктің ғимаратында, 106 кабинетте, сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін аукционныңмәселеріне түсінік беру бойынша семинар өткізіледі.

Қосымша ақпарат және анықтама келесі телефон номірлері арқылы беріледі: +7 (7172) 55-74-95, 55-01-67.