«Астана қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ 2016 жылғы жұмыс қорытындылары туралы ЕСЕБІ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

2016 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, Басқармамен келесі жұмыс атқарылды.

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және ҚР ҰЭМ 27.03.2015ж. № 272 бұйрығымен бекітілген Стандарттарға сәйкес, Басқарма тұрғындарға 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, бұл:

- мемлекет жеке меншікке сататын жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

- жер учаскесін іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануға рұқсат беру;

- нақты жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту, сондай-ақ;

- жергілікті атқарушы органның жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша шешімді беру.

Мәселен, 2016 жыл ішінде барлығы 3 816 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде:

3 103 жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша, онымен бірге 2015 жылы 2 896 қызмет көрсетілді, ол  есептік жылдан 7% кем;

281 жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту бойынша, бұл 2015 жылға қарағанда 36% аз;

432 жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша, ол 2015 жылға қарағанда 12% артық (385 өтініш).

ҚР Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес 32 жер-кадастрлық жоспарлары қаралды, олардың 29 бекітілген және 3 қайтарылды және іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жерді пайдалану қызмет бойынша рұқсат беру өтініш болған жоқ.

Есептік жылы сондай-ақ екінші нарықта құқықты ресімдеу бойынша 878 жерге орналастыру жобалары қаралды (өзгерту конфигурация, сегментаций тануға бөлінгіштік және т. б.), оның 615 бекітілген және 263 дәлелмен бас тартылды.

Астана қаласының әкімі бекіткен Уәкілетті органдардың өзара іс-қимылдарын нығайту және Астана қаласының жергілікті бюджетіне түсімдерді арттыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, Басқарма Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаментіне тоқсан сайын жаңарту үшін қайта жасалған (жасалатын) және уақытша өтеулі жер пайдалану шарттары бұзылған (жалдау) уақытша өтеулі жер пайдалану шарттары бойынша мәліметтерді берді.

Жер комиссиясының жұмысы туралы

ҚР Жер кодексі 14-1-бабы 2-тармағының және 43-47-баптарының нормаларына және Астана қаласы әкімдігінің 24.09.2007ж. № 37-803қ қаулысына сәйкес, Басқарма Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі комиссиясының жұмыс органы болып табылады және өз құзыреті шегінде аталған комиссияның апта сайынғы отырыстарының ұйымдастырылуын және өткізілуін қамтамасыз етеді.

Көрсетілген комиссияның отырыстарын өткізу шамасына қарай, кейін жер учаскелеріне тиісті құқықты беру (алып қою, нысаналы мақсатын өзгерту, бұрын қабылданған шешімдерді жою және т.б.) туралы қала әкімдігінің хаттамаларын және қаулы жобаларын әзірлеуді және қол қоюды қамтамасыз етеді.

2016 жылы бас-аяғы 48 отырыс өткізілді, онда заңнамада белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелеріне тиісті құқықты беру туралы 7 711 өтініші қаралды, соның ішінде 5 348 мақұлданды және нақты бас тарту себебі көрсетіліп, өтініш иелеріне   2 363 өтініш бойынша оларды қанағаттандырудан бас тартылды.

Қарастыру қорытындылары бойынша, жоғарыда көрсетілген комиссия отырыстарының қорытындылары және бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Басқарма қала әкімдігінің жер учаскелеріне құқықтарды беру немесе беруден бас тарту туралы 261 тиісті қаулысын әзірлеуді және қабылдауды қамтамасыз етті (жер учаскелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту; бұрын қабылданған әкімдіктің қаулыларына өзгерістер енгізу және күшін жою туралы т.б.,).

2015 жылмен салыстырғанда қабылданатын әкімдіктің қаулыларының санының азаю үрдісін айта кеткен жөн (251 қаулы), бұған:

заңнамаға өзгерістер енгізілуіне сәйкес, 2015 жылдың басынан бастап, бастапқы жер учаскелеріне құқық беру, сондай-ақ жер сауда-саттығын (аукциондарды) өткізу жолымен жүзеге асырылады;

қалада рәсімделмеген жерлер жалпы үлесінің қысқартылуына байланысты және т.б.

Сонымен қатар, 2016 жылы бағдарламалар әкімшіліктерінің тиісті өтініштерінің негізінде заңнамада көрсетілген тәртіпте 136,5227 га ауданында 1 790 учаскелерді мемлекет меншігіне қабылдау туралы қала әкімдігінің 23 қаулысы дайындалды.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.03.2015ж. № 255 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес қала аумағында жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер учаскелерін беру туралы азаматтардың өтініштерін арнайы есепке қою жұмыстары жалғастырылды.

Жоғарыда көрсетілген Ереже бастапқыда қабылданған (14.08.2006ж. бастап) және заңды күшіне енген кезден бастап, 30 желтоқсандағы жағдайы бойынша, Басқарма азаматтардың ЖТҚ үшін жер учаскелерін беру туралы бас-аяғы 117 363 өтінішін қарастырды және арнайы есепке қойды, олардың 14 523 есептік кезеңде келіп түсті.

Жоғарыда көрсетілген жалпы кезектіліктің ішінде 1 980 өтініш «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 28.04.1995ж. № 2247 Заңы бойынша жерді осы мақсаттар үшін алуға бірінші кезекті жеңілдіктері бар, олардың 28 есептік кезеңде келіп түсті.

Сонымен қатар, қала аумағында бөлуге дайындалған, барлық қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз етілген арнайы әзірленген алаңдардың жоқ болуына байланысты, есептік кезеңде қала аумағында ЖТҚ үшін жер учаскелерін беру жүзеге асырылмады.

Жерлерді мемлекет мұқтажы үшін алып қою туралы

2016 жылы, өңірлік бағдарламалармен көзделген объектілер құрылысын іске асыратын, қала әкімдігінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің, бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің өтінімдері негізінде, ауданы 296 га жерге қала әкімдігінің мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 96 қаулысы әзірленді.

2015 жылдың деректерімен салыстырғанда (49 қаулы – 210 га), жерді мемлекет мұқтажы үшін қабылданатын қаулылардың алып қою туралы динамикасы жалпы санын артқанын көрсетеді, бұл қала аумағын игерумен және ірі стратегиялық жобалардың құрылысымен байланысты (т/ж вокзалына кірме жолдары, Қалдаяқов, Нәжімеденов көшелерінің, “Газовая аппаратура”, ауданындағы саябақ құрылысы және т. б.).

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау туралы

ҚР Жер кодексінің 14-1-бабы, 144-148-баптарының нормаларына, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексіне сәйкес Басқарма қызметінің маңызды бағыттарының бірі Астана қаласы жерінің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Жұмыс жоспарына сәйкес жер заңнамасының нормалары мен талаптары сақтау мәніне 500 тексеруді жүргізу жоспарланған, онымен бірге есептік кезеңде Басқарманың мемлекеттік инспекторларымен нақты 536 жоспардан тыс тексеру өткізілді, оның ішінде:

160 бұрын берілген ұйғарымдар бойынша бақылау тексеру;

376 бастапқы жоспардан тыс тексеру (өтініштер бойынша).

2015 жылымен салыстырғанда есептік жылы тексерулер 3 есе көп өткізілді, және бұл бірінші кезекте, қайта ұйымдастыру аясында жүргізілген мемлекеттік инспекторлардың штат санының (6-дан 18-ге дейін) ұлғайтылып отырғанына байланысты.

Осылайша, жүргізілген 376 тексерістің ішінен 292 жағдайларында 2,21 мың га ауданында заңнаманың бұзылуы анықталды, қалған 84 жағдайда бұзушылықтар расталған жоқ.

Барлық анықталған фактілер бойынша субъектілердің жер құқық бұзушылықтарына қатысты жалпы сомасы 29,7 млн. теңгеге айыппұл әкімшілік жаза шаралары қолданды, оның ішінде 14,9 млн. теңге немесе 50% бүгін күні бұзушылармен толық төленген және басқалар бойынша олардан мәжбүрлеп алу жөніндегі тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Талдауға сәйкес, 2015 жылға қарағанда салынған және іс жүзінде төленген айыппұлдар сомасы есептік 2016 жылы 3 есе көп.

Бұрын берілген ұйғарымдар бойынша жүргізілген 160 бақылау тексерулердің нәтижелеріне қатысты, 53 жағдайда бұзушылықтар ерікті түрде жойылды, бұл 2015 жылдың көрсеткіштерінен 4 есеге асады, бұл ретте қалған 107 кемшіліктерді бұзушылықтарды жою, соның ішінде оларды сот тәртібімен мәжбүрлеп алып қою бойынша тиісті жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 164-1-бабына сәйкес Басқармамен жүйелі негізде өз еркімен иеленген мемлекеттік жерді босату бойынша әкімшілік шараларды анықтау мен қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыстар жоспарына сәйкес (нысаналы индикатор бойынша), есептік 2016 жылы, көрсетілген баптың аясында 135 талап-арыз сот органдарына беру көзделді, бұл ретте 9,2 га ауданында жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою бойынша іс жүзінде 127 талап енгізілген, оның ішінде: 78 қанағаттандырылды, сот талқылауы барысында бұзушылықтардың жоюлуына байланысты 16 бас тартылған және 33 соттардың қарауында.

Енгізілмеген 8 талаптың айырмасы, бақылау тексерулерін жүргізу нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жоюмен байланысты.

Бұдан басқа, аудан әкімдіктерінің, құқық қорғау органдарының және прокуратураның қатысуымен қалада өз еркімен жерді басып алу фактілерін уақытылы аңықтау және алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының құрамында Басқарманың қызметкерлерімен 2016 жылы бұзылды және шығарылды:

- 460 уақытша объекті (павильондар, дүңгіршіктер, шина жөндеу);

- ескі апаттық тұрғын үйлерді белсенді бұзу аудандарындағы 114 шаруашылық құрылыстар (гараждар, сарайлар).

Мониторинг және пайдаланылмайтын жерлерді алып қою туралы

Мемлекет басшысының 11.04.2012ж. елорданың келешекте тұрақты дамуының мәселелері жөніндегі кеңейтілген мәжілісінде берілген тапсырмаларын орындау барысында, Басқармамен қаланың прокуратура органдарымен және өзге де бақылаушы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдары барысында объектілер салуға берілген (бұрын бөлінген) жерлердің мониторингі жүзеге асырылуда.

2012 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Бүгінгі күні қала аумағында 16,0 мың га ауданында 1084 пайдаланылмайтын жерлер, олардың ішінен қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша:

- ауданы 6,0 мың га жердегі 269 учаске мемлекетке қайтарылды;

- ауданы 2,6 мың га жердегі 277 учаске бойынша меншік иелері мен жер пайдаланушылар жер учаскелерін игеруге кірісті;

Қалған 7,4 мың га ауданындағы 538 жер учаскелері бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірге Қолданылмаған жерлерді алып қоюды жүзеге асыру жөніндегі жол картасы әзірленген және бекітілген, оның ішінде:

ауданы 2,9 мың га 94 учаске бойынша меншік иелері оларды игеруге кірісті;

ауданы 4,3 мың га 365 учаске бойынша өзге түрде бақылау тексерісі жүргізілді және бір жыл ішінде нысаналы мақсаты бойынша жерлерді қолдану туралы ұйғарымдар берілді және жерлер қолданылмаған жағдайда, оларды мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша сотқа арыз-талап берілетін болады;

жалпы ауданы 0,2 мың га 79 учаске бойынша жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, ұйғарымды беру үшін меншік иелірінің мекен-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы учаскелер бойынша сондай-ақ бір жылдың аяқталу шамасына қарай және бақылау тексерістерін жүргізгеннен кейін, жерлерді қолданылмаған жағдайда, мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша сотқа арыз-талап берілетін болады.

Сот шешімдерімен алып қойылған ауданы 5,2 га 6 учаске бойынша мәліметтер Астана қаласының Әділет департаментіне, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы-жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментіне, Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасына алдағы жұмыста ескеру және тиісті өзгерістерді есеп материалдары мен жер-кадастрлық құжаттамаға енгізу үшін жолданды.

Бұрын берілген ұйғарымдар бойынша 62 учаске бойынша бақылау іздестірулер жүргізілді, оның ішінде: 52 жер учаскелері игерілуде, жер учаскелерін іздестіру актілері жасалды:

- 10 жер учаскелері бойынша меншік иелері өз жерлерін игеруге кіріспеген, осыған байланысты, қаланың сот органдарына қолданбаған жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюға арыз-талаптар енгізілді, оның ішінде:

2 учаскелер бойынша арыз қанағаттандырылды;

7 бойынша оларды мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қоюуына байланысты қала сотымен арыздарды қанағаттандырудан бас тартылды;

1 учаске бойынша субъектінің банкроттыққа ұшырағанына байланысты арыз қараусыз қалды.

Бұдан бөлек, ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау барысында, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік мәні болып табылатын 1 854 жер учаскелер бойынша игерілуіне здестірулер жүргізілді, нәтижесінде келесі анықталды:

- 1 821 нысаналы мақсаты бойынша қолдануда;

- 33 учаскелер нысаналы мақсаты бойынша қолданылмады, соған байланысты меншік иелеріне жерлерді қолдану және игеру қажеттілігі туралы жазбаша ескертулер жолданды.

Сондай-ақ, 2016 жылғы 30 қыркүйекте рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді болдырмау және уақытылы құрылыс алаңдарынан қоқысты шығару мен жер учаскелерін игеру бойынша 400 жер меншік иелерімен кеңес өткізілді.

Сот процестері туралы

ҚР Жер кодексі 14-1-бабының 2-тармағында және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексінде белгіленген өз құзыреті шегінде, сондай-ақ Астана қаласының әкімі берген сенімхат негізінде, Басқарма астананың барлық қалалық сот органдарында жер құқығы қатынастарынан туындайтын мәселелер бойынша тұрақты негізде қала әкімдігінің мүддесін қорғайды.

Осылайша, есептік 2016 жылы қаланың тиісті соттары Басқарма өкілдерінің қатысуымен 809 азаматтық іс қарастырды, онда 53 бойынша Басқарма талапкер ретінде болды.

Көрсетілген 53 талаптың ішінен, 37 қанағаттандырылды, 4 бас тартылды (шарттарды бұзу және жария ету туралы шешімдерді заңсыз деп тану бойынша), 1 қараусыз қалдырылды (иесіз мүліктің меншік өлген иесінің мұрагерлерінің шығуына байланысты) және 11 соттардың қарауында жатыр.

Заңдық күшіне енген сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз еті үшін Астана қаласының Әділет департаментіне атқарушы парақтарын жазылу туралы қала соттарына өтінімдерді жолдау бойынша жұмыстар жаслғастырылуда.

Бұдан басқа, жер құқық қатынастары субъектілерінің жер учаскелеріне ауыртпашылықтар мен аресттерді қою және/немесе алып тастау туралы әділет органдарының қаулыларын қаланың мемлекеттік жер кадастрының деректер базасында тіркеу бойынша жұмыстар жаслғастырылып жатыр.