Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы туралы

Мемлекет басшысы 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан халқына Жолдауымен шықты, онда жаңа 5 негізгі басымдықтарын айқындап берді, бұл:

- экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы;

- бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту;

- макроэкономикалық тұрақтылық;

- адами капитал сапасын жақсарту;

- институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты

Бұл басымдықтар экономиканың жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.

Жолдауда Үкімет, барлық деңгейдегі әкімдер, барлық атқарушы билік органдары алдында нақты міндеттер қойылды.

Демек, бұл Жолдауды жүзеге асыру үшін, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру үшін көп күш салу қажет.

 

Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы

Цифрлық технологияларды қолдану саласында елорданың белгілі тәжірибесі бар.

Интернет сатулар дамуда, мобильдік құрылғылар арқылы қаржы транзакциялары жүзеге асырылады, екінші деңгейдегі банктер, ұялы байланыс операторлары, құрылыс компаниялары қызмет көрсету саласындағы өзінің мобильдік қосымшаларын әзірлейді, күн сайын жаңа технологияларды жаппай енгізу және шығындарды төмендету арқасында, экономиканың әр түрлі салаларының қарқындап өсуі болып жатыр.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар елорданың тұрғындарына онлайн режимінде мемлекеттік органдар, көрсетілетін қызметтер туралы қажетті ақпарат алуға мүмкіндік беретін электрондық дерекқорларды әзірлейді және жаппай енгізеді, мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылып және бекітілген Стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіліп жатыр.

 

Екінші бағыт – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек, сонымен қатар, бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек.

Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек, бұл үшін,  Мемлекет басшысы атап өткендей, бизнес үшін шығындардың барлық түрлерін төмендету бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл, әсіресе, энергетика, көлік, логистика, сондай-ақ ТКШ саласында көрсетілетін қызметтердің құнына қатысты.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек.

Қазіргі уақытта, Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен мемлекеттік қызметтер көрсету Реестрін төмендегідей қызмет көрсетулердің түрлерімен толықтыру бойынша ұсыныстар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне бастама берілгенін айта кету қажет:

- «жер учаскесінің бөлінуін немесе бөлінбеуін айқындау»;

- «жер учаскелерін бөлу, біріктіру және конфигурациясын өзгерту бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту»;

- «жер учаскелерін алуға мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою».

 

Үшінші бағыт – макроэкономикалық тұрақтылық

Мемлекет-жеке серіктестікті кеңейту кәсіпкерлікті дамыту үшін зор мүмкіндік береді. Бұл жерде әңгіме бірқатар мемлекеттік қызметтерді бизнеске беру туралы болып тұр.

Мемлекет-жеке серіктестікті дамыту атқарушы органдардың нақты кәсіптік жұмысына тәуелді және ол инфрақұрылымды, соның ішінде әлеуметтіктіде, дамытудың негізгі тетігіне айналуға тиіс.

Сонымен қатар, ақша-несие саясатының рөлін қалпына келтіру және экономиканы қаржыландыруға жеке капиталды тарту қажеттілігі Жолдауда көрсетілген еді, ол үшін Ұлттық Банкке Мемлекет басшысы банк секторының сауықтыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу тапсырды.

Осылайша, 2017 жылдан бастап, алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған  «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастады.

Бұл бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары көрініс тапқан:

- «Даму» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттік субсидия беру есебінен құрылыс салушылар үшін банк несиесін арзандату;

- тұрғындар үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы банктер беретін ипотекалық несиені субсидиялау;

- ілгеріде бөлінген қаржы «револьвер» қағидаты  бойынша қайта пайдаланылу арқылы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін әкімдіктердің несиелік тұрғын үй салуы жалғасады;

- жалға берілетін тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерді жаппай бөлу арқылы, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді дамытуды жалғастыру.

 

Төртінші бағыт – адами капитал сапасын жақсарту

Мемлекет басшысы Жолдауында атап кеткендей, ең алдымен білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Негізгі міндет – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.

Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек.

Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайтуға, үш тілді оқуға кезеңмен көшуге қажет.

Биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады.

Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс.

Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет.

Биылғы 1 шілдеден бастап, мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Ағымдағы жылда зейнетақы, бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі арттырылатын болады, сондай-ақ, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. Ең төменгі күнкөріс шегі де қайта қарастырылады, ол қазақстандықтардың нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуге тиіс.

 

Бесінші бағыт – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты

Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізу қарастырылған.

Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен және азаматтық қоғамдастықпен бірлесіп, жеке меншік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты бүкіл заңнамаға түгендеу жүргізу тапсырылды.

Әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендірген жөн. Әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс, кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын жүргізу керек.

Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Бүгінгі таңда, қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келеді.

Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалғаны, сондай-ақ, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отырғаны, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген.

Маңызды мәселенің бірі – сатып алу саласын жетілдіру болғандықтан, Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша енгізуді тапсырылды.

Осыған орай, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланыстылығы, әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында, оны жалпы жұртшылықтың жек көруі, күрестің қуатты құралына айналуға тиіс екендігі, Мемлекет басшысымен осы Жолдауында көрсетілген.