Астана қаласы аумағындағы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын жерлерге мониторинг жасау және алып қою

Астана қаласы аумағындағы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын жерлерге мониторинг жасау және алып қою 

2012 жылдан бастап бүгінгі күнде қала аумағында жалпы ауданы 16 мың га 1084 пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталды, олардың ішінде қолданылған шаралар нәтижесінде:

жалпы ауданы 6 мың га құрайтын 269 жер учаскелері мемлекетке қайтарылды;

ауданы 2,6 мың га құрайтын 277 жер учаскелері бойынша меншік иелері пайдалануға кірісті.

Қалған жалпы ауданы 7,4 мың га құрайтын 538 жер учаскелері бойынша Астана қаласы әкімдігімен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурамен бірлескен пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қоюды қамтамасыз ету бойынша Жол картасы әзірленді және бекітілді, соның шеңберінде мынадай жұмыс жүргізілді:

қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы ауданы 3,3 мың га 230 учаскенің меншік иелері жерлерді игеруге кірісті, оның ішінде жалпы ауданы 0,5 мың га болатын 46 учаске – мемлекет мұқтажы үшін алына отырып зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу, өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу үшін мемлекеттік мекемелерге берілді;

жалпы ауданы 0,10 мың га 40 учаске бойынша – пайдаланылмайтын жерлерді мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыздар сот арқылы қанағаттандырылды;

жалпы ауданы 0,12 мың га 51 учаске бойынша – бақылау тексерістері жүргізілуде және жерлер пайдаланылмаған жағдайда әкімдік оларды мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыздар беруге бастамашылық ететін болады;

жалпы ауданы 0,1 мың га 39 жер учаскесі бойынша – берілген нұсқамалардың орындалу мерзімі өткеннен кейін 2017 жылдың соңына дейін бақылау тексерістері жүргізілетін болады;

жалпы ауданы 3,78 мың га қалған 178 учаске бойынша – берілген нұсқамалардың орындалу мерзімі 2018 жылы аяқталады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімдер және бақылау тексерістерін жүргізу аяқталғаннан кейін, пайдаланылмаған жағдайда оларды мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыздар берілетін болады.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.