Ағымдағы жылдың басынан бастап бөліммен 315 тексеріс жүргізілді, оның ішінде:

Ағымдағы жылдың басынан бастап бөліммен 315 тексеріс жүргізілді, оның ішінде:

- 35 бақылау тексерістері, бұған дейін берілген нұсқамалар бойынша;

- 280 жоспардан тыс тексерістер (арыздар, тапсырмалар бойынша).

Жүргізілген тексерістер бойынша 174 га ауданында жер заңнамасының бұзушылығының 235 факті анықталды.

- 80 тексеріс бойынша заң бұзушылықтар анықталмады.

Жалпы соммасы 19,6 млн.теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде:

- 9,9 млн.теңге өндірілді;

- 3,7 млн.теңге мәжбүрлеп өндіруге жолданды;

- 6 млн.теңге бойынша заңмен белгіленген төлеу мерзімі келмеді.

ҚР ЖК 164-1-бабына сәйкес 10,2 га ауданында жер учаскесін мәжбүрлі түрде босату үшін 87 талап арыз сот органдарына жолданды, оның ішінде 53 қанағаттандырылды, сот өндірісінде бұзушылықтар жойылуына байланысты 10 бойынша бас тартылды және 24 сот қарауында.

Жол маңындағы қызмет көрсететін 29 нысан бойынша зерттеу жүргізілді, нәтижесінде 21 нысан (құрылыс) тиісті қалпына келтірілді, 5 заңсыз тұрғызылған құрылыс бұзылды, 3 нысан иелеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Құқықтық тәртіп» ЖПІ жүргізілген іс-шаралар шегінде ескі базар аумағында («Астаналық» СҮ) 59 субъектілерге қатысты жерлерді мақсатына сай пайдаланбау фактілері бойынша тексерістер жүргізілуде, нәтижесінде 12 субъектіге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал қалғандары қаралуда.

Жұмысшы топтың құрамынмен 51 уақытша нысандар (дүңгіршектер, киоскілер, контейнерлер, шиномонтаж цехтары және т.б.) бөлшектеніп айыппұл тұрағына шығарылды, соның ішінде «Алматы» – 19, «Есіл» – 6, «Сарыарқа» – 26 аудандары бойынша.