АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (ағылшындық әдіс бойынша)

Астана қаласының әкімдігі Бейбітшілік көшесі 11, мекенжайында, 2- қабат, кинозалында 2017 жылдың 4 тамызда сағат 15:00-де өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу және уақытша объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерінің жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді

Аукционда сату үшін ұсынылып отырған жер учаскелерінің тізілімі: 

Р/с№

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің  ауданы,

га

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімі

Жер учаскесінің бастапқы бағасы, теңге

Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары бойынша қарастырылған қабаты

Бір жыл үшін жалдау төлемі,

теңге

Кепілдік жарна сомасы

Қолданыстағы инженерлік желілер

электрмен жабдықтау

сумен жабдықтау

сарқынды суларды төгу (кәріз)

Таратушы жылу желісі (жылумен жабдықтау)

1.

Астана қаласы, Мәңгілік Ел және Қабанбай батыр даңғылдары қиылысы ауданы

0,0004

Жарнама-ақпараттық объектісі

12 ай (қала құрылыстық игеруді басталғанға дейін)

642

-

93

113 450

бар

-

-

-

2.

Астана қаласы, Ақмешіт көшесі, №7А үй ауданы

0,0001 және 1полигон 0,00015, 2полигон 0,00015 абаттандыру үшін

Жарнама-ақпараттық объектісі (3*4 м)

12 ай

1043

-

139

113 450

бар

-

-

-

3.

Астана қаласы, Астана халықаралық әуезжайы ауданы

1,7543

әуе кеиелеріне арналған ангар

30 ай

5 734 367

3

398 697

286 718

бар

бар

бар

жоқ

4.

Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы ауданы

1,5919

Әкімшілік орталығы

29 ай

6 179 246

2, 3

258 079

308 962

бар

бар

бар

жоқ

5.

Астана қаласы, Ильинка тұрғын алабы, Махамбет және Ақтамберді жырау көшелерінің қиылысы ауданы

0,8729

Әлеуметтік мәдениет – тұрмыстық мақсаттағы ғимарат

25 ай

2 184 205

1, 2

141 515

113 450

бар

бар

бар

жоқ

6.

Астана қаласы, Железнодорожный тұрғын алабы, А211 және А336 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысы ауданы

0,5355

Базар кешені

20 ай

1 434 433

-

124 022

113 450

бар

бар

бар

жоқ

7.

Астана қаласы, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы(сол жақ), Ү.Субханбердина және Іле көшелерінің қиылысы

0,0579

Сауда орталығы

24 ай

232 179

4

18 773

113 450

бар

бар

бар

жоқ

Скачать весь документ 

Аукционды өткізу шарттары: аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, “Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы” ММ-мен Астана қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға,  игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарнаның сомасынан  5% құрайды, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің есептік шотына ақшасыз жолмен төмендегі деректемелер бойынша аударылады: ЖСК KZ740705023980001001 ” ҚР Қаржы министірлігі Қазынашылық комитеті ” ММ, БСК KKMFKZ2A, БСН 141240027811, Кбе 12, ТБК 171.

Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.

Сауда-саттыққа қатысуға өтініштер ақпараттық хабарламаны жариялаған күннен бастап төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 106-бөлме және 2017 жылдың 3 тамызда сағат 15:00-де аяқталады.

Аукцион қатысушыларын тіркеу (қатысуға билеті болған жағдайда) аукционның басталуына,Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 2 қабат, үлкен акт залымекенжайы бойынша 2017 жылдың 4 тамызда сағат 14:30-ден бастап жүргізілетін болады.

2017 жылдың 27 шілдесінде, Бейбітшілік көшесі 11 үй мекенжайында орналасқан әкімдіктің ғимаратында, 101 кабинетте, сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін аукционның мәселеріне түсінік беру бойынша семинар өткізіледі.

Қосымша ақпарат және анықтама келесі телефон номірлері арқылы беріледі: +7 (7172) 55-01-67, 55-74-95.